Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2017

Ағыбай батырға арналған айтыс аяқталды

Жақында Қарағанды облысы, Балқаш қаласында Ақжолтай Ағыбай батырдың 215 жылдығы мен Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған республикалық айтыс өтті.

26 Қыркүйек, 2017

Энергетика саласындағы ахуал қалыпты

Биыл «Электр энергиясы туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізілгені белгілі. Соның арқасында xалық үшін энергияның бағасы төмендеуі тиіс. «Бізде 140 шағын компания энергия жеткізумен айналысады. Олардың иелігіндегі электр желілері де үлкен емес, ұзаққа созылмайды.

Қаржы • 26 Қыркүйек, 2017

Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Бүгінде еліміздің сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және оны дамыту жолдары кеңінен жүргізілуде. Өйткені мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, заң жобаларының ашықтығын қамтамасыз ету секілді жұмыстардың тиімділігі зор. Әсіресе бұл орайда соттарды әкімшілендіру мәселесі айрықша назарда тұр. 

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2017

Жастар ісі – басым бағыттардың бірі

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Рухани жаңғыру» республикалық жастар акциясын қорытындылады.

Футбол • 26 Қыркүйек, 2017

Ақсайлықтарға тарту

Компания дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосты

26 Қыркүйек, 2017

Дала данышпанын дәріптеді

Орал қаласында ел бас­­таған көсем, сөз баста­ған шешен әрі батыр Сы­рым Датұлының 275 жыл­­ды­ғына арналған рес­­пуб­ликалық ғылыми-тәжі­рибелік конференция өтті.

Кәсіпқой бокс • 26 Қыркүйек, 2017

Головкин-Альварес жекпе-жегінен қанша қаржы түсті?

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіндегі төрешілердің қанша қаржы алғаны белгілі болды.

26 Қыркүйек, 2017

Ұзақбай ҚАРАМАНОВТЫҢ жақындарына көңіл айтты

Қазақстан жұртшылығы ауыр қайғыға ұшырады. 81 жасқа қара­ған шағында Қазақстан Рес­пуб­ликасының белгілі сая­си және мемлекет қайраткері Ұзақбай Қараманов дүние салды. 

Хоккей • 26 Қыркүйек, 2017

«Құлагер» – Қызылжардың мақтанышы

Елімізде шайбалы хоккейдің дамуы өткен жылдардың 50-ші жылдарынан басталады. Осы кезеңде Петропавл қаласында «Металлист», «Авангард» командалары жасақталып, ел біріншіліктерінде өнер көрсетті. Топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінбесе де, маңайына спортқа бейім жастарды топтастырып, шеберліктерін ұштауға, тәжірибе жинақтауға айтарлықтай ықпал етті. Олардың арасынан жасындай жарқылдағандары Ресейдің мұз айдындарында атой салды. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты командалар тарап кеткеннен кейін хоккей десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер отыз жылға жуық спорттың осы түрінен көз жазып қалды.  Тек 2015 жылы мамырда облыстың сол кездегі әкімі Ерік Сұлтановтың тікелей қолдауымен құрылған «Құлагер» хоккей командасы солтүстікқазақстандықтардың су сепкендей басылған үміт отын қайта тұтатқандай болды. Расында да сенім алдамапты. Айналасы екі жылдың ішінде биік белестерді бағындырды. Ол жайлы команданың бас бапкері Вячеслав БЕЛАН бізге әңгімелеп берді.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2017

Сәйгүліктер сүйсінтті

Демалыс күндері Іле Алатауының баурайын дүркіретіп, жылқы десе делебесі қозатын қазақтың қанын қыздырған асыл тұқымды сәйгүліктердің ІІ Халық­аралық  KazEqui-2017 көрмесі өтті. Жыл сайын әлемнің бес құрлығында мұндай шоулардың 120-ға жуығы өтіп жатады.  

Яндекс.Метрика