Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017

«Нұрлы жол» вокзалы 2 миллион жолаушыға қызмет көрсетті

Астанада ашылған жаңа темір жол вокзалы 1 маусымнан бері екі миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетті

ЭКСПО-2017 • 13 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017: Қоғамдық тәртіпке атсалысқан қызметкерлер марапатталды

93 күнге созылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 4 миллион адам қатысты. 

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017

Астанадағы марафонға 19 елдің азаматтары қатыспақ

Астанада жыл сайын 17 қыркүйекте Astana Marathon 2017 марафоны өткізіледі. Бұл жолы Кениялық спортшы Astana Marathon 2017 марафонында жеке рекордын орнатпақшы. 

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2017

ОҚО-да түркиялық инвесторлармен бірлескен жобалар келісімі жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында түркиялық инвесторлармен құны 12 млн АҚШ доллары болатын екі жоба жүзеге аспақ.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017

Астанада «Салған әнім шіркін-ай!» шығармашылық кеш өтті

Елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің әншісі Ардақ Балажанованың «Салған әнім шіркін-ай!» атты шығармашылық кеші өтті.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017

Алматыда «Ал­тын­шы сезім» ат­ты сурет көр­­месі өтуде

Бұл күндері Ал­­ма­тыдағы Ә.Қастеев аты­н­­дағы мем­­лекеттік өнер му­зейі­н­­де ке­ме­ліне кел­­ген дизайнер әрі су­рет­­ші Бал­нұр Асано­ва­ның «Ал­тын­шы сезім» ат­ты жеке көр­­месі өтуде.  

13 Қыркүйек, 2017

Тұлпар тұяғымен жазылған тарих

Бастау Жазушы Антуан де Сент-Экзюпери «Кеме жасау үшін оған алыстан атақты ұс­талар мен ағаш шеберлерін шақыртып, құ­рал-сайман жинаудың қажеті жоқ. Одан да сол кемеге мінетін халықтың мұхитқа де­ген мәңгілік аңсарын оят. Олар кемені өз­де­рі жасап алады» деген екен. Қаздауысты Қазыбек бабаның 350 жылдығына орай және Ел­ба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыр­у» атты бағдарламалық баянының тарихи ма­ңызын терең зерделеу мақсатында сапарға шық­қан «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: ба­баларға тағзым» халықаралық автокеруені би жұрты Балқантаудан 19 тамыз күні осылай атқа қонған болатын.

Театр • 13 Қыркүйек, 2017

Опера ендігіндегі ең жақын түйісу

«Фальстаф» операсын қоюшы-режиссер Дамиано Микелетто опера өнерінде аты мәшһүр, танымал тұлғалардың бірінен саналады. ЭКСПО-2017 бағдарламасы аясында оның қатысуымен жақында тұсауы кесілген туынды жайында Астана тұрғындары мен қонақтары тарапынан жылы лебіздер айтылды. Елорда сахнасында әсерлі реңкпен шынайы бедерленген әлемдік інжу-маржанның отандық сахнада ұсынылуы ел өміріндегі елеулі оқиға десек, ал осынау айтулы сәтті қалт жібермей, әлемдік өнер жұлдызымен әңгімелесу әсері өз алдына бөлек мәртебе еді. Көрерменді ғажайып көңіл күйге бөлеген операның мән-мағынасы жайында тереңнен ой қозғаған ла-скалалық өнер иесінің мәлімдеуінше, бұл сапар шығармашылық бай­ланыстың соңы емес... Төменде Дамиано МИКЕЛЕТТО шығар­ма­шылығының өнегелі өрнектері мен сахнагер болмысының ерекше қырлары әңгімеге арқау етіледі.

Теннис • 13 Қыркүйек, 2017

Астанада Дэвис кубогы­ның плей-офф матчы өтеді

Қыркүйектің 15-17 күн­дері аралығында Астана­дағы «Дәулет» ұлттық тен­нис орталы­ғында теннистен Дэвис кубогы­ның плей-офф матчы өтеді. Қазақстан Ұлт­тық құрамасы турнир­дің әлемдік тобына шығу үшін аталған дода­ның былтырғы чем­пионы Аргентина командасымен сынға түседі.  

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2017

Қарағанды облысының әкімі жұмыс сапармен Ақтоғай ауданын аралады

  Таяуда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапармен Ақтоғай ауданында болып қайтты. Ол ауданның дамуымен және келешекке жоспарларымен танысты. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында «Тәттібек» шаруа қожалығына барды. Осыдан екі жыл бұрын оның басшысы Берікбол Исабаев қаладан Жалаңаш ауылына көшіп келіп бордақылау алаңын ашқан. Жобаның құны – 8 млн теңге. Кәсіпкер 10 сиырдан бастап, қазіргі уақытта мал басын 136 ірі қара, 19 жылқыға дейін өсірген. Берікбол Исабаев алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін өзі жуырда хабардар болған мемлекеттік қолдауға сүйенбек.   

Яндекс.Метрика