Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Әдебиет • 25 Тамыз, 2017

Поэзияға оралу немесе бір аппақ бұлт

Алматыдағы Абай даңғы­лынан сәл жоғары, Розыбакиев көшесінің бойында, оң қол жақ­та бір автобус аялдамасы бар. Тәуелсіздік тарихындағы қиын да, күрделі кезең ретінде есте қал­ған тоқсаныншы жылдардың соңында біз осы аялдамадан орта бойлы, ақсары жүзді, ақ көңіл, бала мінезді ақын ағамызды жиі көретінбіз. Ол кешкілік Баспалар үйінен шығып, әлгі аялдамада «Алмагүл» шағын ауданына қарай баратын автобусты күтіп тұрушы еді...

Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Қар жауса да сөнер ме?

Абай – айналасының ғана артық-кемін айтушы емес, өз мінін де іремей сойған және өзінің де қай биікте екенін қапысыз білген ғажайып тұлға ғой. «Өзім де басқа шауып, төске өрледім», «Өзімді сонша зор тұтып», «Өз мінімді қолға алдым» деп келетін өлең жолдары қазақтың «өз мінін білген – данышпан» ұғымының үдесінен шығып тұр емес пе?

Аймақтар • 25 Тамыз, 2017

Жетісудың жайсаңы

Өтіп жатқан өмір-ай... Атқан оқтай, шапқан аттай зулаған зымыран уақытты аз-кем аялдатар амал бар ма? Жоқ болған соң ғой, санамызда сартабы қалған сағым жылдарды сағынып отырғанымыз. Жастықтың жалынын бірге кешкен замандасымыздың бүгінде ақсақалдық ауылына аяқ басқанына көктемгі құстар әніндей құйқылжуын қоймайтын көңіл құрғырдың сенгісі келмейтінін қайтерсің.

Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Ғылым докторы Бақыт Оспанов жайлы бір үзік сыр

Бақыт Оспанов – экономист. Ғылым докторы. Шенеунік. Партия жетекшісі. Қазақ руханияты туралы ой қозғағанда сөзіңнен жаңыласың. Арғы-бергі ақындардың поэзиясынан ауқымды әңгіме толғайды. Абай, Сүйінбай мен Жамбыл, Тұманбай мен Мұқағали, Қадыр мен Олжас туралы сыр шертіскен сәттер көзден де, көңілден де кетпейді. Қазақ хандығының 550 жылдығы тұсында идея айтты. Үш тілде кітап шығару қажет болды.

Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Қазақстаннан Жапония мен Оңтүстік Кореяға бие сүті экспортталады

Бүгін Астанада «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокс • 25 Тамыз, 2017

Бүгін Германияда әуесқой бокстан XIX әлем чемпионаты бас­талады

Бүгін Германияның Гамбург қаласында әуесқой бокстан XIX әлем чемпионаты бас­талады. Алмания елі мұндай ірі жарысты өз тарихында үшінші рет өткізгелі отыр. Бұған дейін дүниежүзілік бокс додасы Мюнхен (1982 жылы) және Берлин (1995 жылы) қалаларында ұйымдастырылған. Биылғы жарыста әлемнің 85 елінен 280 былғары қолғап шебері сынға түседі. Әлем біріншілігіне Куба, Өзбекстан және Қазақ­стан елдерінің боксшылары толық құрамда қатысады. Ресей құрамасынан тоғыз, Украинадан сегіз боксшы өнер көрсетеді.

Бокс • 25 Тамыз, 2017

Мэйвезер мен МакГрегор: кім мықты?

Алдағы жексенбі күні америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мэйвезер мен ирландиялық UFC жекпе-жегінің жарқын өкілі Конор МакГрегор бокс ережесі бойынша 69,9 килода жұдырықтасады. Осы кездесуге орай бокс жанкүйерлері үшін алдағы жекпе-жектен не күтеміз? Кім жеңеді, кім жеңіледі? Бокс мамандары мен кәсіпқой боксшылар бұл кездесу туралы не айтып жатыр? деген сұрақтарға жауап іздеп көрген едік.

Жазғы спорт • 25 Тамыз, 2017

«Вуэльтаның» бесінші кезеңінде топ жарды

«Испания Вуэльтасы» көп­күндігінің бесінші кезеңінде «Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Лу­ценко топ жарды.

Әлем • 25 Тамыз, 2017

ОҚО-ның 60 жастағы тұрғыны велосипедпен Меккеге жетті

ОҚО-ның алпыс жастағы тұрғыны қажылыққа велосипедпен аттанды. Ол алдымен Самарқанға, кейін Тәжікстанға жетіп, сонда сәл аялдаған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жеңіл атлетика • 25 Тамыз, 2017

«Қазақ найзағайы» қашан жарқылдайды?

Жеңіл атлетиканың спорт жарыс­тары ішінде «Спорт падишасы» де­ген бейресми атағы бар. Ал осы спорт тү­ріндегі 100 метрлік бәйгенің мәртебесі – өзгелерінен әлдеқайда жоғары.

Яндекс.Метрика