Аймақтар • 13 Шілде, 2017
Таразда аймақтық БАҚ-тың бүгіні мен болашағы талқыланды
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Аймақтық журналистика: бүгіні мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды оқу орнының ақпараттық-имидждік қызметі.
Қазақстан • 13 Шілде, 2017
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Даму Блиц» технологиясына қосылды
Бүгін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Даму» Қоры мәмілеге келіп, арнайы келісімге қол қойды. Бұл туралы «Даму» Қорының баспасөз қызметі хабарлады.
• 13 Шілде, 2017
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи өлкетану музейінің «Туған өлке – тұнған тарих» атты көрмесі елордадағы Әскери-тарихи мұражай залында көпшілік көрерменге ұсынылды.
Спорт • 13 Шілде, 2017
«Алматы» – чемпиондар командасы
Спорттағы кіл таланттарды топтастырған «Алматы» волейбол клубы келесі маусымға дайындықты бастап кетті. Волейболшы қыздар қазіргі уақытта Қапшағайда, «Иорданиди» спорт кешенінде жаттығуларын жалғастырып отыр.
Білім • 13 Шілде, 2017
Жастар сұранысқа ие мамандықты меңгеруде
Шымкент аграрлық колледжінде өткен арнайы семинарға қатысқан еліміздің барлық аймағындағы колледж директорлары мен ауылшаруашылық мамандары Ұлт жоспарындағы нақты қадамдарды жүзеге асыру шеңберінде атқарылып жатқан игі шаруаларға куә болды.
Білім • 13 Шілде, 2017
Назарбаев Университетте оқу әр жастың аңсарына айналды
Жаһандану заманының бәсекесі де, бәсі де терең білімге, қабілет-қарымға, ізденіске тәуелді болып тұр. Бұл жайлы қазақ баяғыда «Білімді мыңды жығады» деген. Заманауи білімнің бағыт-бағдарын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр жылғы Жолдауларында нақтылап көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде Отанымызда айтулы оқу орындары бой көтерді. Олар инновация үрдісін өрістету үстінде. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында Президент: «Жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықтау деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет», деп атап өткен еді. Қазір осы тапсырма негізінде жұмыс атқарылу үстінде.
ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017
Малайзия Маңғыстауға бет бұрды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан – Малайзия бизнес форумы өтті. Онда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен малайзиялық «Rich Energy» компаниясының бас директоры Шахул Хамид Мохд екіжақты меморандумға қол қойды.
ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017
Экватордағы ел баламалы энергияға құштар
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұлттық күнін атап өту реті Гана Республикасына келіп жетті. Батыс Африкадағы шағын ғана елдің халқы өзгелердей пайдасы мол баламалы энергияны қолдайды.
ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017
«Жасыл көпір» арқылы «Жасыл технология» орталығына жетеміз...
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығы аумағында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» халықаралық форумы басталды. Екі күнге жалғасатын шарада «жасыл экономика» саласында технологиялар, халықаралық тәжірибемен алмасу, даму мен бизнесті көгалдандыру мәселелері талқылануда.
Қазақстан • 13 Шілде, 2017
25 жыл бұрын, 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тәуелсіз мемлекеттің дербес арнайы құрылымы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.