Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Астанада өңіраралық жəрмеңке өтуде

Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан • 08 Шілде, 2017

Иордания Астанада өтетін ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ саммитіне қатысатындығын растады

Амманда ИЫҰ мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің Арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Иордания Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы, құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік министрі Бишр Хасаунамен кездесіп, алғашқы қазақстандық-иордандық саяси консультацияларды өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан • 08 Шілде, 2017

8 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

8 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, солтүстік және шығыста бұршақ болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Ақтөбеде елорда күні кең ауқымда аталып өтті

Астана күнін мерекелеу құрметіне орай Ақтөбеде бірқатар өндіріс орындары іске қосылды. Бұдан өзге, толыққанды мәдени-көпшілік бағдарламар дайындалды.

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Теміртауда жаңа зауыт іске қосылды

Елордамыз, ару қала – Астананың туған күніне орай Теміртау қаласы он бес түрлі іс-шара ұйымдастырды. Солардың ішіндегі ең негізгісі – кенді аймақтың іргесінен бой көтерген «КазГазоБлок» ЖШС жоғары заманауи технологияларды пайдалана отырып, автоклавты қатаюдан өткен ұялы бетоннан газоблок өңдеп шығаратын зауыттың өз жұмысын бастауы еді.

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Елорда күніне орай Ақтөбеде жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Ақтөбеде елорда күнін мерекелеу аясында бірқатар жаңа өндіріс орындары іске қосылды. Кəсіпорындардың ашылу салтанатына облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Қостанайлықтар “Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмін қазақ тілінде тамашалады

Қостанайлықтар қазақ тіліне аударылған «Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмін көріп, тамашалады. «Болашақ» Корпоративтік қоры «Меломан» және «Disney» компаниясымен бірлесіп, голливудтық сұранысы жоғары фильмдерді дубляждау жобасын жүзеге асырып келеді. Қазақстандықтар осыған дейін «Болашақ» қорының қолдауымен жүзеге асқан голливудтық 20 фильмді қазақ тілінде көрген болатын. Бұл қазақ тіліне голливудтық 21-ші фильм.

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Астана құрылысының ардагерлері - Қарағандыда

Қараөткелге қазық қағып, Астананың алғашқы нысандарын тұрғызған құрылысшылар Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесіп, жас елорданың қалай бой көтергендігі жайлы естеліктерімен бөлісті.

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спартакиадасы өтті

Осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылған мүмкіндігі шектеулі спортшылардың "Үміт" спартакиадасы биыл барлық аудандардан жиналған 300 спортшының басын қосып, олар спорттың 8 түрі бойынша өзара күш сынасты.

Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда «ашық есік» күні өтті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалы тұрғындарға өз қызмет түрлерін кеңінен таныстырудың тиімді жолдарын жүйелі ұсынып келеді. Бұл жолғы шара «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әр салымшы үшін қолжетімді» тақырыбында өтті.

Яндекс.Метрика