Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90786 материал табылды

Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Қытайдың Синцзянь-Ұйғыр автономды аймағымен алыс-беріс артады

Биыл 7-8 маусым күндері Алматы қаласында 2017 жылдың 18 сәуірдегі (Астана қ.) Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің сегізінші отырысындағы хаттамалық шешімді жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің делегациясы мен Қытай Халық Республикасының Синцзянь-Ұйғыр Автономды аймағынан келген автокөлік саласының делегациясы арасында халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері бойынша кезекті келіссөздер болды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 13 Маусым, 2017

EASA қазақстандық 2 әуе компанияға Еуропаға ұшу рұқсатын берді

«Эйр Астана» АҚ-нан бөлек Қазақстанның тағы екі әуе компаниясына Еуропаға ұшу туралы рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Театр • 13 Маусым, 2017

«Қорқыт» музыкалық қойылымы сахналанды

Сәні мен салтанаты жарасқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада «Қорқыт» музыкалық қойылымы сахналанды. Қорқыт өмір сүрген дәуір мен абыз бейнесі музыкалық шығармалары арқылы көрініс тапты.

Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Қазақстанда әйелдерге тыйым салынған кәсіптер тізімі қайта қаралады

Атап айтқанда, автоматтандырылған және технологияландырылған жағдайда әйелдердің денсаулықтары үшін қауіп төндірмейтін кейбір жұмыстардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. 

Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2017 жылдың бес айының қорытындысы бойынша 4,1%-ды құрады

Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның биылғы жылдың бес айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Үкімет • 13 Маусым, 2017

Еліміздегі кәсіподақтарда 3 млн жұмыскер тіркелген

Қазақстандық жұмыскерлер кәсіподақ ұйымдарына белсенді тіркеледі. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Астанада «Болашақ Қазақстанның энергиясы» атты көрме өтті

Астана қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында «Болашақ Қазақстанның энергиясы» балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде 12-16 жас аралығындағы балалардың ең үздік 100-ден аса жұмысы қойылды.

Яндекс.Метрика