• 14 Маусым, 2017
Бурабай 30 туристік бағдар ұсынады
Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Ақмола облысы елордалық өңір ретінде оған белсенді қатысуда.
Қазақстан • 14 Маусым, 2017
Егер жаһандық жылыну болмағанда, оны ойлап табуға тура келер еді...
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» тақырыбында WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі өтпек. Бұл айтулы шараны Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы мен Ұлттық инженерлік академия бірлесіп қолға алып отыр.
Қазақстан • 14 Маусым, 2017
Семейдегі әуежайдың салынғанына 35 жыл болыпты.
Аймақтар • 14 Маусым, 2017
Қанттың өзі тәтті, еңбегі қатты
Талдықорғаннан Жансүгіровке жолымыз түскен сайын жанымыз ауырып қайтатын. Бүтін бір Ақсу ауданы аузына қараған қант зауыты осыдан тұп-тура он жыл бұрын ошарылып тұралап қалды.
Қазақстан • 14 Маусым, 2017
Былтыр Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд теңге болатын 130 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Жобалардан 2,2 трлн теңгенің өнімі өндірілсе, оның 1,4 трлн теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Ал биыл жалпы сомасы 700 млрд теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылмақ. Бұлар арқылы тағы да 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Аталған деректерді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.
Әлем • 14 Маусым, 2017
Виннипегте Астана туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Канадада Манитоба университетінің профессоры Франк Альбоның «Астана: сәулеті, жұмбағы, тағдыры» атты кітабының ресми тұсаукесері өтті.
Қазақстан • 14 Маусым, 2017
Біз үшін Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір
– дейді Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі Ксавье БЕТТЕЛЬ
• 14 Маусым, 2017
Өркениеттер тарихындағы жазу мен әліпбидің орны
Сүбелі ғылыми жұмысын жазу тілінің шығу тарихына арнаған Олжас Сүлейменов өзінің «Жазу тілі» («Язык письма») атты монографиясында тарихи тұрғыдан, кез келген жазу, ең әуелі, діни идеологияның жаршысы, тек содан кейін ғана мемлекеттік және мәдени құндылық болып табылатынын алға тарта келіп, бүгінгі діндердің барлығы да бұл дүниеге өз жазуларымен, атап айтқанда, иудаизм ескі еврей жазуымен, христиан діні грек және латын жазуымен, буддузим ескі үнді жазуымен, зороастризм авестин жазуымен, мұсылман діні араб тілімен енгенін көлденең тартады.
Аймақтар • 14 Маусым, 2017
«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» деген ежелгі қазақы тәмсілге салсақ, онда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің боладысынан өтіп, енді нақты іс пен жұмыс арқылы көрменің көрігін қыздырар шаққа жетіп тұрмыз. Бұл ретте бар жауапкершілікті Астананың мойнына артып қоймай, тұтас Қазақстанның бір қолдың саласындай қимылдағаны керек.
ЭКСПО-2017 • 14 Маусым, 2017
Грузия мемлекетінің Ұлттық күні салтанатпен аталып өтті
Төрткүл дүние назарын өзіне аударған Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында Грузия мемлекетінің ұлттық күні зор салтанатпен аталып өтті. Грузин халқына тән асқақ музыка мен әуезді ән көрме қалашығы аспанында шарықтай қалықтап, Арқа төсінде тау халықтарының мерейлі мерекесі өтіп жатқанын паш еткендей.