Аймақтар • 13 Маусым, 2017
«Жасыл елдің» жастары қазба жұмыстарына қатысады
Атырауда биыл екі мыңға жуық жас «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысады. Облыс әкімінің қолдауымен осы мақсатқа 140 млн теңге бөлінді.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
Журналистер арасында футболдан жарыс өтеді
Журналистер күніне орай 24 маусымда Астанадағы Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өтеді. Шараны ұйымдастырушы Астана қаласының ішкі саясат басқармасы.
Аймақтар • 13 Маусым, 2017
«Көшбасшы жолы», «Астана», «Томирис» фильмдеріне түсуге 100 үміткер ықылас білдірді
«Қазақфильм» киностудиясы мен «Sataifilm» компаниясы бірігіп түсіретін кинотуындыларға актерлер таңдау кастингі Солтүстік Қазақстан облысынан басталды.
Аймақтар • 13 Маусым, 2017
Петропавлда «Мен қазақпын» жобасының іріктеу кезеңі өтті
Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Қазақстан» РТРК АҚ ұйымдастыруымен «Мен қазақпын» халықаралық музыкалық жобасының іріктеу кастингі өтіп, 22 үміткер өз бақтарын сынады.
Аймақтар • 13 Маусым, 2017
Ж.Түймебаев: ОҚО-да су қоймаларын жеделдетіп салу қажет
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен кезекті селекторлық режімдегі аппараттық мәжіліс өтті.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
– Не дейсің, 42 шақырым?! – деді бапкері көзі шарасынан шыға аңырып. – Мүгедектер арбасымен 42 шақырымдық жарысқа түспексің бе?! Мына жаман арбаң орта жолда шашылып қалмай ма?! Жақсы, арба шыдады дедік, сенің жүрегің, тынысың шыдай ма?! Сенің өзің шашылып қаласың ғой. Сен өмірі марафонға жүгіріп көрмеген жансың. Ойбай-ау, 42 шақырымдық марафон жарысына аяқ-қолдары балғадай, демімен өртті өшіретін сау адамның да жүрегі дауаламайды.
Теннис • 13 Маусым, 2017
«Ролан Гаррос-2017»: рекордтар әлемі
Францияның биылғы ашық біріншілігі тенниссүйер қауымның көңілінен шыққаны сөзсіз. Мамырдың 22-сі мен маусымның 11-і аралығында жанкүйерлер жаңа есімдерге, жаңа рекордтар мен тартысты ойындарға куә болды. Қыздар арасында 20 жастағы латвиялық Елена Остапенко сенсациялық жеңіске қол жеткізсе, ерлер арасында испан Рафаэль Надаль «Ролан Гарростың» он дүркін чемпионы атанды.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
Осыдан біраз жыл бұрын еліміздің шығысындағы Зайсан ауданында әкімнің орынбасары қызметі босай қалып, осы орыннан біраз азамат үміт күтеді ғой. Солардың қатарында ауданның дамуына біраз еңбек сіңірген әрі басшылық қызметтерде жүрген абыройлы ағаларымыз Төребек пен Алғысбек те болады.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
Қазақ ұғымында қобыз тек музыкалық аспап емес, берісі бақсылық, арысы әулиелікке ұласатын, түбі тылсымға жалғасатын қасиетке ие. Соның бәрін бір бойына сыйдырған қасиетті аспаптың бірі – Молықбайдың қобызы. Бұл атақты қобызды әкесі Байсақ жасатыпты. Шапқан шебердің атына дейін белгілі – Бектөле деген туысы екен. Ал зері мен нақышын жасаған Естібай деген зергер дейді.
Аймақтар • 13 Маусым, 2017
Әртүрлі маркадағы темір тұлпарлар мен олардың экипаж мүшелерінің шеберлігі Маңғыстаудың құмды, ойлы-қырлы даласында сыналды. Ралли-рейд ежелде «Ұлы Жібек жолы» керуен жолы жүрген, теңіз деңгейінен 132 метр төменде орналасқан, әлемде тереңдігі жөнінен 4-орын алатын Қарақия ойпаты арқылы өтті.