Театр • 13 Маусым, 2017
КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, әйгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығы құрметіне арналған халықаралық V «Сахнадан сәлем!» театрлар фестивалі кеше елордалық Жастар театрында «Асауға тұсау» спектаклімен ашылды. «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған мәдени шара 17 маусымға дейін жалғаспақ.
Әдебиет • 13 Маусым, 2017
Тұлғаны сомдаған тұрлаулы туынды
Бір атақты жазушыдан «Өмір сүрген әр адамның ғұмыры туралы бір роман жазуға болады» деген сөз қалған. Жер бетіне келіп, адам деген қастерлі атты биік ұстаған, бала өсіріп, тырбаңдап еңбек еткен кез келген адамның саналы ғұмырына тереңінен үңіле білсең, расында да кере қарыс кітапқа жүк болатындай мәлімет табар едіңіз. Міне, менің қолымда – соңғы жылдары мұнай тақырыбына көбірек қалам сілтеп жүрген қаламгер Кенжебек Тұманбайұлының «Тұлға» атты кітабы. Асықпай танысып шықтым. Осы кітап жөніндегі өзімді толғантқан кейбір ойларымды оқырман қауымға ұсынсам деймін.
Президент • 13 Маусым, 2017
Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады akorda.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2017
Түркияда ірі жер сілкінісі болды
Түркияның батыс жағалауындағы Эгей теңізі мен ондағы Лесбос аралында ірі зілзала болды, деп хабарлайды BBC.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
Сәбиіңізді смартфонның сиқырынан сақтаңыз
Кішкене күнімізде әкелеріміз: «қазіргі балалар іштен оқып туған», деп ерекше «белсенділігімізді» жақтырыңқырамай отыратын. Қазіргі күннің балалары шынымен іштен оқып туғандай-ақ. Бір-екі жасынан бастап ұялы телефондарды шұқылап, оның сенсорлы экран екенін де біліп, сипалап отырады. Одан сәл үлкендері өздері YouTube желісіне кіріп немесе Google жүйесінің дауыспен іздеуі арқылы мультфильм ойын, тағы басқа көргісі келген дүниелерді тауып алады.
Аймақтар • 13 Маусым, 2017
Маңғыстаудың алыс ауылындағы орта мектепті қызыл аттестатпен аяқтаған Ләйлі арман қуып Ақтөбеге аттанды. Мектеп қабырғасында жүргенде өзі белсенді атсалысып жүретін спорт пен өнерге деген қызығушылығы оның бойында тағы бір қабілеттің барын аңғартты. Бұл – адам жанына арашашы болсам деген батыл шешім еді.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
Жаңа жүйе арқылы қызмет сапасын таңдаймыз
Міндетті әлеуеметтік медициналық сақтандыруға қатысты туындаған сауалдардың бірқатарын медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав ЛОКШИНГЕ қойған едік.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
Алматының Астанадағы мәдени күндері басталды. Елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында «Алматыдан махаббатпен» атты концерттік шара ұйымдастырылып, мәдени күндердің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында өткізіліп жатқаны белгілі болды.
Әдебиет • 13 Маусым, 2017
Сөз сарасы – ақынның көзқарасы
Ақындығы алаш жұртына адал қызмет етсе – абыройдың биігі, азаматтығы алаш жұртына адал қызмет етсе – бақыттың биігі. Екі биікке қатар шыққан қаламгерді мерейжасында құттықтап қойсақ, бұл – оқырманның құрметі.
Қазақстан • 13 Маусым, 2017
Дәрілік өсімдіктер жойылып барады
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласында туған жердің табиғатын, оның байлығы мен әралуандығын сақтау жайында талғамды ой айтқан болатын. Мұның өзі ендігі арада байтақ даламыздың өсімдік және жан-жануарлар әлемін сақтау, жердің құнарын арттыру, өте сирек кездесетін дәрі-дәрмектік емдік өсімдіктерді кәдеге жаратуда бей-берекетсіздікке жол бермей, олардың жойылып кетпеуін қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелердің үлкен жауапкершілігін алға тартады.