Қазақстан • 01 Қаңтар, 2019
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа 2019 жылмен құттықтады
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2018
Қыздар университетіне «Ұлттық» статусы берілді
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» ерекше мәртебесі берілді.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2018
Ақмола облысындағы Қосшы ауылында мәдениет үйі ашылды
Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңызды мәдениет саласы екені мәлім. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сонымен қатар Целиноград ауданының 90 жылдығы шеңберінде Қосшы ауылында мәдениет ошағы ашылды. Ауылдағы ақжолтай жаңалық мұнымен шектелген жоқ. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жауапкершілігі шектеулі «Қазына-SR» серіктестігі компаниясының жиһаз цехы халық игілігіне берілді.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2018
Ақмола облысында 188 діни бірлестік жұмыс істейді
Облыстық әкімдікте өңір басшысы Мәлік Мырзалинның төрағалығымен діни бірлестіктер байланысы бойынша кеңес отырысы өтті. Онда қаралған басты тақырыптардың бірі, бұл қазіргі қоғамның дамуы шеңберінде діни салада атқарылып жатқан жұмыстар.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2018
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік концерт өтті
Жаңа жылдан әркім әсерлі сәттерге толы ғажайып күй күтеді. Көкшетау қаласының бүлдіршіндері үшін де биылғы мереке қуанышты сәттерге толы. Облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2018
АҚШ-тың Сириядан шегінуі: Түркия мен Ресей арасында жаңа дағдарыс
Ресейдің Сириядағы басымдығы Америка Құрама Штаттарын (АҚШ) елден шығарып тастау болып табылады десек болады. Осы мақсатқа жету үшін Мәскеу аймақтың маңызды акторларының басын қосып, АҚШ-қа қарсы ортақ шеп қалыптастыруы керек еді. Бұл тұрғыдан қарағанда Астана үдерісі Түркия, Ресей және Иранның ынтымақтастығына мүмкіншілік беретін механизм ретінде Сириядағы теңгерімді (тепе-теңдік) өзгертіп, АҚШ-тың маневр алаңын тарылтып, дағдарыстың барысын өзгертті. ДАЕШ-тың (ИШИМ) жеңіліске ұшырауымен Сирияда үш топтың бақылауы орнады. Бірінші топқа Дамаск режимі мен оның одақтастары Ресей мен Иран кіреді. Екінші топқа Түркия мен оппозициялық күштер кіреді. Үшінші топқа АҚШ және оның осы уақытқа дейін қолдап келген PYD/YPG террор ұйымы кіреді.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2018
Жаңа дәуірдегі халыққа қызмет көрсету орталығы
Облыс орталығында алғаш рет цифрлы және көші-қон бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл мемлекеттік қызметтерді ұсынудың негізгі жаңа форматы ретінде әрі бірқатар құжаттарды, соның ішінде шетел азаматтарының құжаттарын алу тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2018
Мемлекеттік қызметте жұмыс кестесі сақталуы тиіс
Жыл басынан бері 16 лауазымды тұлға Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті ұйымдастырған брифингте айтылды.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2018
7,2 миллиард теңгенің 40-тан астам жобасына қолдау көрсетілген
Жыл басынан бері Ақмола облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 100-ден астам жоба кепілдендірілсе, 40 жоба субсидияланған. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылауға арналған брифингте мәлім болды.
Руханият • 30 Желтоқсан, 2018
Естен кетпес әсер сыйлайтын Жаңа жыл мерекесінде биыл балалар тамаша тосын сыйларға ие болуда. Жаңа жыл қарсаңында №2 халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымы балақайларға арнап «Тілектер шыршасын» ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясының көздегені – тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың Аяз Атаға жолдаған арман-тілектерін орындау. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.