Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 08 Маусым, 2017

Қарағанды облысында Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды

Қарағанды облысының Саран қаласы маңында «SES Saran» ЖШС орталығы Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвесторлары Еуропалық одақтың өкілдері болып табылатын жобаның құны – шамамен 140 миллион еуро.

Аймақтар • 08 Маусым, 2017

Бағдарлама игілігі баршаға ортақ

Тарих қойнауынан тамыр тартып, есте жоқ ескі замандардың тылсымынан сыр шертетін көне мекеннің байтақ қазынасы – ортақ игілік. Талайғы тарихта аты жиі кездесетін Талас өзенінің бойындағы Тараз шаһары кезінде шайырлардың шынайы ғазалдарына арқау болғаны да шын. Сол шаһардың көнелігін еске салып тұратын бірқатар нысандар болғанымен, Тараз бүгінде жаңғыру жолына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тараз – тарихымыздың темірқазығы» деп атап көрсеткендей, сол темірқазық мекен заман ағымына, уақыт сұранысына сай дамып келеді. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың және халықтың игілігіне арналған арнайы бағдарламалардың тигізер септігі орасан.

Аймақтар • 08 Маусым, 2017

Мақсат – индустриялық аймақ әлеуетін көтеру

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа индустриялар құру мен қалыптастыру ісі маңызды кешенді міндет екені атап көрсетілген. Оның басты шарты инновацияны қолдау және өндіріске енгізу болмақ. Бұл міндетті жүзеге асыруда индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тигізетін септігі мен көмегі мол демекпіз. Біздің ойымызша, бұл мәселеде бірізділік пен шарттылық болмауы тиіс. Айталық, индустрияны дамыту ісінде белгілі бір аймақта технопарктердің қызметі оң жолға қойылса, елдің екінші бір өңірінде индустриялық аймақтардың алатын орны айрықша.

Аймақтар • 08 Маусым, 2017

Қашықтық қадаммен еңсеріледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы үшін тағы бір мақсат, межені айқындап берді. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлтымыздың ұлы мұраттарын нақты жүзеге асыруға зор мүмкіндік. Осы жолда Елбасы қоғамның, әрбір ел азаматының санасын жаңғыртудың нақты бірнеше басым бағыттарын нақтылап берді.

Қазақстан • 08 Маусым, 2017

Жаңғырудың бір үлгісі

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыртудың негізі – тұрақтылық, білім, келісім» атты ХХV сессиясындағы сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «жүйелі жаңғыру біздің жұмысымыздың өзегіне айналды» деді. Сол жаңғырудың бір үлгісі ретінде мемлекеттік органдар жанынан құрылған қоғамдық кеңестерді айтуға болады.

Әдебиет • 08 Маусым, 2017

Жазушылар жамбылдықтармен жүздесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақаласы шын мәнінде тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық жаңғырудың негізі ретінде айрықша маңызды болып отыр.

Қазақстан • 08 Маусым, 2017

Бішкектен жеткен экошеру

Бір апта бұрын Бішкек қаласынан бастау алған эко-автошеру елордаға келіп жетті. Автошеру жол-жөнекей Алматы, Балқаш және Қарағанды қалаларында аялдаған. Бұл шара қазақстандық инноваторлар мен «жасыл технология» бағытындағы өнертапқыштарды қолдауға бағытталуымен ерекшеленеді.

Әдебиет • 08 Маусым, 2017

Шығармалар жеті өлшемге сай болуы тиіс

Астанада Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті.

Бизнес • 08 Маусым, 2017

Қазығұрттық дихандар таңқурай өсіруде

Қазығұрттық дихандар таңқурай өсірудің әдісін әбден меңгеріп алды.

ЭКСПО-2017 • 08 Маусым, 2017

Ауылдағы базар «ЭКСПО» деп аталады

Облыс орталығына қа­рас­ты Шәукен-Павлодар ау­ылында 2 мыңдай қазақ, 3270 орыс, 400-дей украин, неміс және басқа ұлт өкілдері бар 7 мыңдай халық тұрады. Елге оралған 300-дей отандастарымыз да тіршілік жасап, бақуатты өмір сүруде.

Яндекс.Метрика