Бағдарламалар • 05 Маусым, 2017
Мәдени байланыстардың шекарасы кең
Елордадағы «Рэдиссон САС» қонақүйінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мәдениет министрлерінің 14-ші кеңесі өтті. Оған еліміздің Мәдениет және спорт министрі мен Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Иран елдерінен өкілдер қатысып, ұйым аясындағы мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Аймақтар • 04 Маусым, 2017
Тобыл жағасында ірі демалыс орны ашылды
Демалыс айлағы Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы күні ашылды. Ашылу салтанатында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды құттықтады.
Аймақтар • 04 Маусым, 2017
Әлем дәрігерлері Ақтөбеде бас қосты
Ақтөбе аймағында әлем дәрігерлерінің екі күнге созылған бас қосу жиыны мәреге жетті. Олар ауыр аралас жарақатты кешенді түрде емдеудің бүгінгі заманғы тұжырымдамасын талқылады.
Қазақстан • 04 Маусым, 2017
«Ғылым ордасында» еліміздің айтулы ғалымдары бас қосты
Алматыдағы «Ғылым ордасында» еліміздің айтулы ғалымдары бас қосты. ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясы аясында ҚР ҰҒА Төралқасының 2017 жылғы жұмысы және Қазақстан Республикасында ғылымның одан әрі дамуы туралы ҰҒА Президенті Мұрат Жұрыновтың ақпараттық есебі тыңдалды.
Аймақтар • 04 Маусым, 2017
Оралда «Менің туым» атты эстафета өтті
Орал қаласының іргесіндегі Желтау биігінен басталған эстафетаға байкерлер, байдаркашылар және велосипедшілер қатысты.
ЭКСПО-2017 • 04 Маусым, 2017
Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге толықтай дайын
Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент басшылары БАҚ өкілдері алдында халықаралық көрмеге дайындықтың соңғы кезеңі жайында егжей-тегжейлі есеп берді.
Аймақтар • 04 Маусым, 2017
Тараздың барлық жерінде бір мезетте Мемлекеттік Гимн орындалды
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Тараз қаласындағы «Достық» алаңынан бастап Төле би даңғылы бойындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағына дейін мерекелік шеру ұйымдастырылды.
Медицина • 04 Маусым, 2017
Астанада кондукторлардың қызметіне сұраныс жойылады
Алайда кондукторлар жұмыссыз қалмайды: олар жұмыспен қамту орталығында қайта мамандырылады, деп xабарлайды Елорда әкімдігінің медиа-орталығы.
Қазақстан • 04 Маусым, 2017
Лондондағы террорлық актілерден зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
Лондондағы террорлық актілерден зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Аймақтар • 04 Маусым, 2017
Ақтөбеде мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы жөнінде дөңгелек үстел өтті
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді, егемен мемлекет болды. Биыл егеменді ел болғанымызға да 26 жыл. Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дүниеге келді. Кез - келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлауынан басталады.