Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Ұлттық ғылым академиясы жаңа мүшелерімен толықты
Алматыдағы «Ғылым ордасында» еліміздің айтулы ғалымдары бас қосты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Жалпы жиналысының сессиясы аясында ҰҒА Төралқасының 2017 жылғы жұмысы және Қазақстан Республикасында ғылымның одан әрі дамуы туралы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновтың ақпараттық есебі тыңдалды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру тетіктері жетілдіруді талап етеді
ЭКСПО-2017 • 05 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017: Жаңалықтар жаршысы һәм жарысы
ЭКСПО көрмесінің тарихы бір жарым ғасыр бұрыннан басталады. Алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондондағы «Гайд» саябағында мемлекет қайраткері, кәсіпкер және дизайнер Генри Коул мен Альберт Девиз ханзаданың бастамасымен ұйымдастырылған екен. «Барлық елдер ұлы іспен, яғни адамзатты жетілдірумен айналыссын» деген ұранмен өткен шарадағы ең көрнекті ғимарат темір мен шыныдан тұрғызылған Хрусталь сарайы болған. Сәулетші Джозеф Пакстонның қолынан шыққан бұл туынды жеңіл жиналып, бөлшектенетін. Осыдан кейін жер бетіндегі ірі қалаларда Хрусталь сарайына ұқсас оқу залдары, пассаждар, тоғыспалы галереялар салына бастады. ЭКСПО көрмесінің әу бастан мақсаты – жаңадан шыққан ғылыми-техникалық жетістіктерді паш етіп, олардың болашақта дамуына сеп болу, сондай-ақ, қатысушы елдердің тарихын, салт-дәстүрін және мәдениетін көпшілікке көрсету. Әлемнің 65 мемлекеті бұл дәстүрден ажырамай, көрмені өз деңгейінде өткізіп келеді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
Осыдан алты жыл бұрын Қызылорда қаласындағы колледждердің бірінде дәріс оқып жүргенімде, ерте көктемде студент жастарды қаланың батыс жағында орналасқан аты республикаға танымал «Абзал и К» серіктестігіне бастап бардым. Мақсатым − жастар еңбек адамының өмір жолымен, компанияның тыныс-тіршілігімен таныссын, өмірге деген құштарлығы, бизнеске деген қызығушылығы артсын дегендік еді.
Әдебиет • 05 Маусым, 2017
Табалдырықтан асқан тау жоқ, сол сияқты туған жерден биік тұғыр да болмайды. Іңгәлаған сәтіңнен іргелі тұлға болғанға дейінгі аралық – ешқашан қайталанбайтын ұлы ақиқат. Ал жазу дейтін жауһар әлемнің ішінде тағдырды тебірентетін жалғыз ғана қасиет, жүз бұратын құбыла да туған жер.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Самұрық әннің салтанатты самғауы
Күн сайын таң мезгілінде – алғашқы сабақ басталар алдында оқушылардың оң қолын кеудесіне қойып Отанымыздың Әнұранын орындау салтанатын бастан кешіру бақытына ие болғанымзға да 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Бұл ән – уақыттың сынынан өзгеріссіз өткен, халық жүрегінен орын тапқан ұлттық саз – «Менің Қазақстаным!» Бұл – бір кезде бүкіл Кеңес Одағындағы демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы болған Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар құлшына шырқаған, ұран ретінде айтқан ән. Бәрі де есімізде! Тарих парақшаларын әріден ақтарып көрейік...
Үкімет • 05 Маусым, 2017
Елордада Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен ведомство жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үкімет • 05 Маусым, 2017
Мәдениет және спорт министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді
Үстіміздегі жылдың 15 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.
Парламент • 05 Маусым, 2017
Конституциялық заңдарға түзетулерді қарады
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Бағдарламалар • 05 Маусым, 2017
Ұлт саулығы – елдің гүлденіп, көркеюінің негізі
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен «Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» тақырыбында партиялық тыңдау өтті.