ЭКСПО-2017 • 04 Маусым, 2017

Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге толықтай дайын

141 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент басшылары БАҚ өкілдері алдында халықаралық көрмеге дайындықтың соңғы кезеңі жайында егжей-тегжейлі есеп берді.

Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге толықтай дайын

«АстанаЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов өз сөзінде көрменің ашылуына тура бір аптадай уақыт қалғандығын еске салып өтті. Оның айтуынша, барлық нысандар көрмеге дайын. Дегенмен, көрме аумағын абаттандыруға қатысты бірен-саран жұмыстар ғана қалып отыр. «Соңғы бірнеше апта бойы біз көптеген оқу-жаттығу өткізіп, төтенше жағдайларға дайындық жүргіздік. Бүгінгі негізгі дайындық  барысына көрменің бүкіл аумағы жұмылдырылады. Атап өтерлігі, 10 маусымға дейін  көрме аумағы келушілер үшін жабық болады», - деді ол. Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәурен Еркімбеков  бүгін ұлттық компания мен мердігер ұйымдардыңқызметкерлері шақырылғандығын, оларға тегін билеттер турникет жүйесін тексеру үшін берілгендігін айтты. Халықаралық қатысушылармен жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов халықаралық қатысушылардың 126 мың шаршы метр павильоны толық дайын екендігін атап өтті. «Қазіргі уақытта 4,5 ел ғана қалды. Олар өздерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтайды. Біз халықаралық қатысушылардың операциялық құрамын дер уақытында жасақтадық. Әрбір павильонның 30-дан 150-ге дейін қызмет көрсететін қызметкерлері бар. Олардың барлығы да Астанада, белсенді жұмыстарын бастады. Бүгін біздің қатысушыларымыз 11 павильонға бара алады», - деді Оразақов.

«Жоспарланған барлық іс-шаралар толық көлемде орындалды. Қажетті барлық құрал-жабдықтар сатып алынып, орнатылды. Бейне бақылау, дабыл және кіріп-шығуды басқару жүйелерініңбарлығы орнатылып, 100 пайыз дайын болды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған барлық қызметкерлер, ең алдымен құқық қорғау органдары мен жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері қажетті оқыту курсынан, тілдік дайындықтан өткізілді. Жексенбілік топтарды жасақтауға біз барынша назар аудардық. Біздің жексенбілік топтарымыз 1 сағаттың ішінде шамамен 13 мың адамды қабылдай алады. Бұл ретте күту уақыты 30-40 минуттан аспайды.  Бұған қоса, жексенбілік топтарға шетел тілін білетін еріктілерді де жұмылдырып отырмыз», - деді келесі кезекте сөз алған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкенов.

Ал  аталған компанияның Сервистік қамтамасыз ету департаментінің директоры Дияс Әзбергенов бүгінгі негізгі дайындық барысында көрменің көліктік қолжетімділігін сынақтан өткізу жоспарланып отырғандығын атап өтті. «Ол уақытша тұрақтарға, қоғамдық көліктерге, көлік аймағындағы жұмыстарға қатысты жайттар. Бұл жұмыстарды біз қалалық әкімдікпен және жол полициясымен бірлесіп атқарудамыз. Мұнан бөлек негізгі дайындық барысында көрме аумағында орналастырылған 7 медициналық бекеттің де жұмысын сынақтан өткізуді жоспарлаудамыз. 8 жедел жәрдем көлігі тұрақты түрде кезекшілік атқаратын болады. Көрме барысында жұмылдырылған медициналық қызметкерлердің жалпы саны 210 қызметкерді құрайды. Олардың қатарында дәрігерлер, фельдшерлер, реаниматологтар бар», -деді ол. Сонымен қатар компанияның Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің дирекоры Марат Омаров өзі басшылық жасайтын құрылымның басты мақсаты мерекелік шараларды ұйымдастыру екендігін айтты. «Бүгін біз үш алаңда 3 шара өткізетін боламыз. Олар Ұлттық күндер, Энергияхолы және амфитеатр алаңдарында ұйымдастырылады. Бізде барлығы да дайын,техника да, әртістер де сақадай сай», - деді Марат  Омаров. Ілгерілету және туризм департаментінің директоры Аллен Шайжүнісов бүгін еріктілерге арналған үлкен шараны өткізетіндіктерін атап өтті. «Бүгінгі күні 4500 ерікті іріктеп алынып, дайындалды. 800 ерікті Қарағанды,Қостанай, Павлодар облыстарынан және Алматы қаласынан келді. Күн сайын көрме аумағында 1500 ерікті жұмыс істейтін болады. Алғашқы ауысым 10 маусымнан бастап шілденің 1-іне дейін жұмыс істейді. Одан кейін келесі айдың ауысымы келеді және үшінші ауысым тамыздан 10 қыркүйекке дейін болады»,-  деді Шайжүнісов. 

Inform.kz