ЭКСПО-2017 • 31 Мамыр, 2017
Шымкентте ЭКСПО әнінің тұсауы кесілді
«ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына 10 күн қалды. Осыған орай Шымкентте 2017 адамдық хордың орындауымен «ЭКСПО» әнінің тұсауы кесілді. Әннің авторы – белгілі әнші Мақсат Айтжанов. Ашық аспан астында әуелете салынған ән оңтүстік жұртшылығының қиялын әуелетіп, көңілін тербетіп, ойын тереңдетіп, өрісін кеңейткендей кейіпте қалдырды. Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлерінен құралған хордың орындауындағы ән алдағы уақытта ЭКСПО-2017 көрмесінде шырқалатын болады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
ОҚО жұрты қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр - саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күні. Осыған орай бүгін «Қасірет» мемориалында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және бірқатар ел ардақтылары мен саяси қуғын-сүргін және депортацияға ұшыраған халықтың ұрпақтары қатысты.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Алматыда 60-шы жылы туғандардың фотокөрмесі өтеді
Маусымның алғашқы күнінде Алматыда айрықша көрме ашылады. «Алматы» қонақүйінің кіре берісіндегі негізгі холға тізілген көрмеге бұл қалада 1960-1980 жылдары дүние есігін ашқан адамдардың ерекше сезімге бөлейтін фотолары қойылмақ.
Футбол • 31 Мамыр, 2017
Сейілда Байшақов: Даниямен өтетін ойында ұлттық құрамаға қолдау қажет
Қазақстан мен Дания құрамаларының арасындағы ойын 10 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді.
Ат спорты • 31 Мамыр, 2017
Ел шөгеншілері Германиядан жеңіспен оралды
Мамыр айының 25-28 аралығында Аренадағы шөгеннен (поло) Германияның Мюнхен қаласында өткен халықаралық турнирде еліміздің екі бірдей командасы табысты өнер көрсетті.
Теннис • 31 Мамыр, 2017
Қазақстанда «Пинг-понг ханшайымы» турнирі басталды
Елімізде алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында пинг-понг турнирі басталды. Бұл туралы бүгін «Бауыржан» қайырымдылық қоры Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы, Қазақстан Республикасының үстел теннис федерациясының қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.
Президент • 31 Мамыр, 2017
Бізде саяси тұтқындар жоқ – Президент Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев xалыққа тариx сабақтарын есте сақтауға шақырды. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» музейінде болып, саяси-қуғын сүргін құрбандарына тағзым етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпқой бокс • 31 Мамыр, 2017
Геннадий Головкин әлемдегі ең танымал ТОП-100 спортшының тізіміне енбей қалды
Америкалық ESPN телеарнасы жыл сайынғы жүргізетін әлемдегі ең атақты 100 спортшының тізімінің қорытындысы жариялады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Павлодарда саяси қуғын-сүргінге ұшырған суретшілер көрмесі ашылды
Облыс орталығындағы көркемсурет музейінде «Ешқашан ұмытылмас» тақырыбындағы көрмеде 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай суреттер мен құжаттар қойылды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Солтүстік Қазақстанда 7614 адам сталиндік репрессияның құрбаны болған
Петропавл қаласының тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері саяси қуғын-сүргін боздақтарын еске алу рәсімін Погодин атындағы орыс драма театры жанындағы скверге гүл шоқтарын қоюдан бастады.