Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

Жол таңдамайтын көлік құрастырды

Николай Шаңдақ ауылындағы шаруашылықта жүргізуші болып істейді. Жүргізуші болғандықтан ол Федоров ауданы маңайындағы жолдың барлығын да жатқа біледі. Жеңіл машиналар шабындықта жүре алмайды. Техниканы бес саусақтай білетін ол ойқы-шойқы жолдардан кідіріссіз жүретін техника құрастыруды бір жарым жылдан бері қолға алған болатын. Оның гаражында техника бөлшектерінен табылмайтыны кемде-кем. Ескі техникаларды ол быт-шытын шығарып бұзып, бөлшектеп жинап қоя беретін. Міне, соның барлығы да кәдеге асты.

Театр • 31 Мамыр, 2017

Көңіл толқытқан қойылым

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Тал­ды­қорғандағы Оқушылар сарайында «Қыз жылаған – Қа­ра ора­мал»» атты қойылымның премьерасы өтті. Алаштың ай­­тулы ақы­ны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жай­лыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемі же­лі­сін­де орын ал­ған поэтикалық қойылым Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қай­рат­кері Кендебай Темірбайұлының режиссерлігімен жә­не Қа­зақ­станның халық әртісі Алмахан Кенжебекованың көр­ке­м­дік же­­текшілігімен сахналанды.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Тәжірибені тарату – тағылымды іс

Назарбаев университет таңдаулы әлемдік тәжірибелерді қабылдау арқылы Еуразия кеңістігінде білім беру мен ғылыми жаңалықтар экспортының орталығына айналуды көздеп отыр.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

Зардап шеккендер баспанасыз қалмайды

Қарғын судан зардап шеккен Атбасар қаласының тұрғындары енді баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жөнінде қала әкімі Нұржан Құмбатыров мәлім етті. Оның атап өткеніндей, ауданда 650 нысан судың астында қалған. Соның 644-і тұрғын үй болса, бір №1 орта мектеп, қала сыртында орналасқан «Ишим» сауықтыру кешені және көлік желілері екен.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Термин мәселесі талқыланды

Шараға Үкімет жанындағы респуб­ликалық терминология ко­миссиясының мүшелері, тер­­­ми­нолог-ғалымдар, минис­трліктердің тіл саласына жауапты қызметкерлері қатысты. Жи­нал­ған қауым терминжасамның ба­ғыттары жайында пікір алмасып, олардың тиімді жолдарын тал­қылады.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

Аналарды ардақтаған аудан

Таяуда Барқытбел бау­ы­рындағы бара­қат­­ты елдің батыр да дана ана­ларға деген айрықша құр­метінің куәсі бол­дық. Аудан­да ана­лар­ға арналған алып еск­ерткіштер мен сая­бақтар бой көте­ріп­ті. Үш жылдан бе­­рі үздік тәр­бие үл­гі­сін көрсеткен ана­­лар­ға арналған төс­белг­і тапсырылып келеді екен.

Футбол • 31 Мамыр, 2017

Топ басындағылар тосылмады

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 14-туры турнир кестесіндегі жағдайға бәлендей өзгеріс әке­меді. Көш басындағы командалар өздерінің кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Оның ішінде «Астананың» ірі же­ңі­сін бөле-жара айтуға болады. Қарағандының «Шахтерін» қа­былдаған елорда клубы қар­сыластар қақпасына төрт гол соқты. Бұл жерде «Астана» ко­мандасының шабуылшысы Кабананганың үш бірдей гол соғып, хет-трик авторы атанғанын айта кеткен ләзім. Сөйтіп, шабуылшы гол саны бойынша алысқа ұзап кеткен Гоумен арадағы қашықтықты жақындата түсті.

Жазғы спорт • 31 Мамыр, 2017

Ауылдың волейболшы арулары

кәсіпкердің қолдауы арқасында өңірде алғаш рет ұлттық лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Кәсіби ойын өрнегімен жан­күйерлерін қуантып, өңір­дің намысын абыроймен қор­ғап жүрген «Қуаныш» қыз­дар командасының Ұлт­тық лигаға жолдама алуы – облыстың волейбол та­ри­хын­­да бұрын-соңды бо­лып көр­­меген үлкен же­тіс­тік! Біз команданың аға жат­тық­­­­тырушысы Азамат ЕСІ­­М­ОВ­КЕ­ жолығып, ұжы­­­м­ның құрылу, қа­лып­та­су, тә­жі­ри­бе жи­нақтау жә­­не та­­быс­қа жету жолда­ры жай­лы әң­­гі­мелескен едік.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Бейбіт күнде оққа ұшқан

2008 жылдың ақырған ақпанында түн жамылған бесеу қылмыстық оймен аяқтарын аңди басып, алға ұмтылды. Өзара ақылдасып, қылмыстық күш біріктіріп, алдағы іс-жоспарларына уағдаласқан олар Ақтау қаласында жазықсыз бір азаматты ұрып-соғып, қылғындырып ұялы телефонын, 4000 мың теңге ақшасын және «Мазда-626» автокөлігін тартып алып, Ақтау – Жаңаөзен тас жолымен Жаңаөзен қаласына қарай бағыт алды.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Әскерге шақыру

Оны ұйымдастыру ісі бүгінгі талаптарға сай ма? Еліміздің жас қырандарын Отанды сүйе білуге және олардың бойында отаншылдық сезімді қа­лып­тастыруға алғышарт қалайтын ілкімді істің бірі әс­кер қатарына шақырылуды қалтқысыз ұйым­дас­­ты­ру болмақ. Сондықтан, біз Ақтөбе аймағы мы­са­лында қазіргі көктемгі шақырылу кезінде оның мән-жайы мен кейбір иірімдеріне ой жүгірткенді жөн көрдік.

Яндекс.Метрика