Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Астанадағы Ұлттық музейде 31 мамыр − Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған алқалы жиын өтті.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Құрбандарға құрмет – ұрпаққа міндет

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуника­ция­лар қызметі ала­ңын­да «Тарихи сана және қоғам­ның рухани қауіп­сіздігі» тақырыбында «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. Бұл шара 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары күніне орайластырылған. Атаулы күн Қазақстан Рес­­публикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жар­лығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

31 Мамыр, 2017

Біз қазақтарға қарыздармыз

Біздің әкелеріміз Қазақстанға тағдыр талайымен келіп, осы жерден бақытын тапты. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған олардың атажұртқа қайтуы ауыр жағдайға соқтырар еді. Сондықтан, әкеміз «Біз бауырмал қазақ халқына қарыздармыз. Осыны ұмытпаңдар» деп отыратын. Қазақ жерінде дүниеге келіп, өсіп-өндік, үлкен әулетке айналдық.

31 Мамыр, 2017

Құшағы кең, мейірімі бөлек халық

Өзге этностар сияқты Қазақстанды мекендейтін поляк жұртшылығы да қиын-қыстау кезеңде бауырына басып, жылы құшағын айқара ашқан қазақ халқының жақсылығын ешқашан ұмытпайды. Қызылжар өңірінде тұратын поляктардың аға буыны кезінде сталиндік қуғын-сүргін зобалаңына ұшырап, туған жерінен еріксіз аластатылған. Олардың естелік­терін тыңдағанда жүрек сыздап, сай-сүйек сырқырайды.

31 Мамыр, 2017

Қазақстаннан пана таптық

Қазақ халқы «Мың өліп, мың тірілген қазақпыз» деп жатады. Сол айтқандай, сонау қиын-қыстау заманда, 1944 жылдары Қазақстанға қоныс аударып «Мың өліп, мың тірілген» Ахыска түріктері мына біздерміз.

31 Мамыр, 2017

Қазақ қасқырға да жем болған

Халқымыздың басына қасі­рет болып төнген сұрапыл ашар­­шылықты көзімізбен көр­дік. Ол кезде мен төрт жаста едім. Алғаш біздің жағдайымыз жаман болған жоқ. Тіршілігіміз күн көріске жетіп жататын, әкеміз орта шаруа еді. Ұста, шебер кісі болған. Аз­дап алтын да сақтаған. Соны ауыл­­дың атқамінерлері біледі екен. Талай рет тіміскілеп таба алмаған.

31 Мамыр, 2017

Осыдан 80 жыл бұрын

Талай ғасырлық көне тарихында қазақ халқының бастан кешірген қиямет-қайымы көп, әрі сан алуан. Соның бірі – 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін. Оған да сексен жыл болып қалыпты. Неге олай болды екен деп осы қанқұйлы оқиға туралы аз айтылып жүрген жоқ. Солай болуға тиісті де. Өйткені, кеңес заманында сөз болмаған, арнайы талданып, зерттелмеген бұл тақырыпты көпшілік білуі керек, одан тиісті қорытынды шығаруымыз қажет-ақ. Осыған орай архив қоймасына тағы да үңіліп, кейбір деректерді тілге тиек еткенді жөн көрдік.

31 Мамыр, 2017

«Албасты сай» атауының астарында не жатыр?

Қазір «Қасірет» деп аталатын кешеннің қасиетін ұқпайтындар да бар. Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалдық ескерткіштер кешені орналасқан жер бұрын «Албасты сай» аталып келген болатын. Қарапайым халық әлі де солай атайды. Атынан адам шошитын осы бір сөздің астарында талай құпияның жатқаны анық.

Тарих • 31 Мамыр, 2017

Ашаршылық: Дерек пен дәйек

Еліміз тәуелсіздік алған соң тәубемізге келіп, өлгеніміз тірілгендей, өшкеніміз жанғандай күйді бастан кештік. Тірілгені сол – тоталитарлық жүйенің құрбаны болған тұлғаларымыз ақталды. Жанғаны сол – Кеңес өкіметі бүркемелеп келген ащы шындық айтыла бастады. Тәуелсіз Қазақстанның ең алдымен қолға алған іргелі ісінің бірі ақтаңдақ жылдардың ақиқатын ақтаруға бағытталды. Сөйтіп, 1993 жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітті. Соңғы төрт жылдан бері Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіліп келеді. Міне, содан бері азаттық жолында құрбан болғандарды еске алып, тарихтың қасіретті кезеңі туралы деректер төңірегінде сөз болады.

31 Мамыр, 2017

«Үш жылда 372 көтеріліс болды»

«Не көрмедік?!» деген тұрмыстың ауыртпалығынан қажыған қайрансыз дауыстың ар жағында ауыр тағдырдың жатқанын да сезінесің. Тәуелсіздікке қол жеткен заманда өткенге көз тастасаңыз, солай күбірлеріңіз хақ. Саяси-қуғын сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алар сәтімізде тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбековпен әңгімелескен едік.

Яндекс.Метрика