Әлем • 31 Мамыр, 2017
Мәскеудегі «Тағзым таудағы» Ұлы Отан соғысының Орталық музейіне қазақ батырының бюсті апарылады. Астанада Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Кеңестер Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовті еске алудан бокстан өткен халықаралық жарыс мәресіне жеткен тұста, Алматыда қазақ батырының көркем мүсіні қоладан құйылып бітті. Қазір бюст Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратында тұр, таяу күндері қазақстандық генералдардың эскортымен Мәскеуге жол тартады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Кезінде Луговой ауданы болып 1938 жылы құрылған Т.Рысқұлов ауданында бүгінде нәтижелі жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 43 ауыл бар болса, онда 64 923 тұрғын мекен етеді. Ауданның этностық құрамын негізінен қазақтар құрайтын болса, ауылдарда орыс, неміс, татар, әзербайжан, чешен, өзбек және өзге де ұлттар өкілдері бар. Азаматтардың барлығы да өңірдің дамуына, өрістеуіне үлес қосып келеді.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
«Егемен Қазақстанда» жарияланған Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы біз үшін көптен күткен үлкен жаңалық, біз мұны әр қазақтың, қазақстандықтың даму болашағы кодының құпиясын ашып көрсеткен бағдарлама деп атар едік.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Латын әліпбиіне көшуді қолдайды
Мемлекет басшысының рухани жаңғыру мәселелеріне қатысты мәнді де мазмұнды мақаласы өңірлерде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қолға алынуына қозғау салды. Осыған орай Ақтөбе облысында да арнайы комиссия құрылған. Өткен дүйсенбі күні облыстық әкімдікте өткізілген осы комиссияның отырысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бұл мәселеде бірінші кезекте ел-жұрт арасындағы түсіндіру жұмыстарына жан-жақты әрі терең мән берілуі керектігін атап көрсетті.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
«Туған жер» бағдарламасы жүзеге аса бастады
Ақмола облысының әкімі Мəлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, Қосшы ауылындағы №2 орта мектепте соңғы қоңырау салтанатына қатысты. Үстіміздегі жылы аталмыш бiлiм ордасынан 76 оқушы түлеп ұшпақ. Оның төртеуi – «Алтын белгiге» үмiткер.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Жаңғыруға ұмтылыс – дамудың басты қағидасы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы осыған дейінгі рухани жаңғыруға бағытталған Жолдауларының, мемлекеттік бағдарламаларының жалғасы дерлік тарихи құжат деуге толық негіз бар. Мемлекет басшысы мақаласының тарихи маңызы сонда, ол – саяси реформа және экономикалық жаңғыру бағдарламасын рухани тұрғыдан толықтырады.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Орманшылар айлығы 25 пайызға көбейеді
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Орал қаласында «Әлеуметтік саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» атты семинар-тренинг өтті. Шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен Астана қаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Азат елдің айбынына айналған рәміздеріміздің, яғни Ту, Елтаңба, Әнұранның қабылданғанына да ширек ғасыр толып отыр. Бір замандары Конфуций «Әлемді нышандар мен рәміздер билейді», деген екен. Шынында, аспан түстес көк Туымыз, рухты Әнұранымыз төрткүл дүниенің барлық жерінде желбіреп, асқақ естіліп, халқымыздың қадірін арттырып келе жатқаны анық.