Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Елбасы салған даңғыл жол

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен партия делегациясы Жапонияға барды. Сапардың басты мақсаты – халықаралық және партияаралық ынтымақтастықты нығайту және елдің басты саяси күші Либералды-демократиялық партиямен тығыз қарым-қатынас орнату. Сондай-ақ, өткен жылдың қараша айында Қазақстан Президентінің Жапонияға жасаған сапарының нәтижесінде қол жеткен әріптестікті одан әрі күшейтіп, оның аясын кеңейту.

Әдебиет • 31 Мамыр, 2017

Азамат

Ол – қазақ тілінің үлкен жанашыры. Ана тілінің қаға берісте қалған тұстарын аңғарып қалса, оны көтерерлік бір шаралар ойлап, істің тетігін тауып кетеді. Мектептерге жиі барып, сөрелері босап қалған кітапханаларды қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен толықтырып, авторлармен кездесу ұйымдастыру – оның негізгі бағдарламасының бірі. Тіл реформасы жайлы мақалалар жазып тұрады.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

Аралға арналған алқалы жиын

Қызылордада «Арал ха­лық­аралық тұрақты даму форумы» өтті. Форумның мақ­саты – Арал өңірінің эколо­гиялық және әлеу­меттік-эконо­микалық жағдайы туралы кеңі­рек ақ­параттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауым­­дас­тықтың назарын ау­дару. Сол арқылы таби­ғи апат ай­мағының жағ­дайына әсер етіп, тар­тыл­ған теңіздің тағ­ды­рына араша түсу болса керек.

Үкімет • 31 Мамыр, 2017

Жеткен жетістіктер жемісін беруі тиіс

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төра­ға­лығымен өткен кезекті Үкімет отырысында негізінен аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, орман-дала өрттерінің алдын алу жайы, сондай-ақ, ақпарат және коммуникациялар саласындағы өзгерістер туралы заң жобасы қаралды.

Президент • 31 Мамыр, 2017

Стратегиялық серіктестер сенімі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик, Сербия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Владан Матич, Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Прамоно, сондай-ақ, Румынияның Төтенше және өкілетті елшісі Чезар-Маноле Армяну Сенім грамотасын тапсырды.

Әдебиет • 30 Мамыр, 2017

Құпия геноцид

«Андрей». Бұл – жазушы-драматург Әкім Таразидың қазақ даласында болып өткен алапат аштық, адам айтқысыз зұлматтың тағы бір қырын, тағы бір зұлымдығын әшкерелеген шығарма. Автор Мәскеудегі университетте киноның оқуын оқып жүрген кезін баяндайды. Өз атынан, өз басынан өткен тарихты жазады. Тікелей эссе немесе таза прозалық шығарма емес. Эссе сипатты әңгіме.

Әлем • 30 Мамыр, 2017

Ирак астанасында бір тәулікте екі жарылыс болды

Лаңкестік салдарынан 7 адам қаза болып, тағы 30 адам түрлі жарақат алды.

Президент • 30 Мамыр, 2017

Елбасы Дәурен Абаевты қабылдап, бірнеше тапсырма берді

Елбасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2017

Қазақстандағы көппәтерлі үйлердің 1/3-і жөндеуді қажет етеді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы (БҰҰДБ) арасындағы «ТКШ саласындағы орта және шағын бизнесті дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыруға арналған тұрғын үй қатынастарының жүйесін жетілдіру» атты бірлескен жобаны іске асыру туралы Келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Инвестиция және даму министрлігі.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2017

"Саламатты Қазақстан" пойызы үш мыңнан астам тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары елімізді аралауын жалғастыруда.

Яндекс.Метрика