Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Жекпе-жек • 27 Мамыр, 2017

Дзюдошы Максим Раков Азия чемпионы атанды

31 жастағы қазақстандық дзюдошы Максим Раков (100 кило) карьерасында екінші рет Азия чемпионы атанды.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2017

ШҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Марат Шоранов тағайындалды.

Президент • 27 Мамыр, 2017

Назарбаев университетінің алғашқы докторларына дипломды Елбасы тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің алғашқы PhD докторларына салтанатты түрде диплом тапсырды. Аталған дипломға Сәуле Әбілдинова, Гүлдана Ахметова, Ләйла Юлдуз, Жанар Жұмабаева, Зәуреш Қазыбаева, Мәдина Тынымбаева, Арай Саниязова және Әсел Мұхамеджанова ие болды.

Президент • 27 Мамыр, 2017

Елбасы мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековті мерейтойымен құттықтады

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында мемлекет қайраткері, түрколог, профессор Мырзатай Жолдасбековтің 80 жылдығына арналған «Атанғаным Мырзатай - ел арқасы» атты мерейтойлық әдеби-музыкалық кеш өтті. Шара барысында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Қазақстан • 27 Мамыр, 2017

Өскемендік азамат Астанаға жаяу аттанып кетті

Өскемен тұрғыны Ғалымжан Тоқтар 26 мамыр күні сағат 09:00-де қала іргесіндегі  Қабанбай батыр ескерткіші алдынан Елордаға қарай жаяу аттанып кетті. Күннің ыстығына қарамастан Арқа төсін бетке алған жігіт 16 маусым күні Астанадағы «Мәңгілік ел» монументіне жетуді межелеп отыр. Ғалымжанның өзі жол үстінде болғандықтан, ұялы телефон арқылы жұбайы Еркегүл Мұқиятқызымен аз-кем тілдестік.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2017

Қарағандыда қызмет барысында қаза болған жандарға арналған мемориалдық тақта орнатылды

Кеше Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орай Бұқар жырау аудандық ішкі істер басқармасының ауласында қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің құрметіне мемориалдық тақта оранатты.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2017

ОҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

Шымкенттегі «Көрме» орталығында өтіп жатқан  «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі аясында  «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды еліміздің  Дін істері және азаматтық қоғам  министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықтың таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызды стартап» атты номинациялармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Президент • 27 Мамыр, 2017

Елбасы: «Болашақ» қаржысын Назарбаев университетіне бағыттау керек

Мемлекет басшысы еліміздің барлық жоғары білім жүйесінде Назарбаев университетінің тәжірибесін қабылдаудың өзектілігін атады. Бұл туралы Елбасы Назарбаев университетінің түлектерімен кездесуінде айтты.

Президент • 27 Мамыр, 2017

Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің түлектерін құттықтады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев университетінде болып, бітіруші түлектерді құттықтады. Салтанатты шараға университеттің Қамқоршылар кеңесінің өкілдері мен профессор-оқытушылар құрамы және ата-аналар қауымы қатысты.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2017

Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккендерге мешіт қызметкерлері көмек көрсетті

Биыл көктемде Ақтөбеде болған су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Нұр Ғасыр» мешітінің жанынан арнайы штаб құрылды. Осынау қайырымдылық ісінің басы-қасында жүргендер оны «Ақтөбе асары» үлгісінде ұйымдастырды.  Оған көршілес Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мешіттерінің жамағаттары да қолдау көрсетті.

Яндекс.Метрика