Бизнес • 23 Мамыр, 2017
Тиімділік тетігін табу – табыс кепілі
Бүгінде еліміздің астық өсіретін бірқатар аймақтарында көктемгі егіс мәреге таяп қалғаны белгілі. Ал Ақтөбеге келсек, әзірге бұлай деп айта алмаймыз. Өйткені, өңірде қыстың жай шығуы, ауа райының қолайсыз әрі құбылмалы болуы науқанды өз мезгілінде аяқтауға мүмкіндік бере қоймады.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Елбасы оңтүстікке келген сапарларының бірінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған «Асар» ауылында болған еді. Сол кездесуде Өзбекстаннан атажұртқа оралған ағайынға ұйытқы болып, шағын ауылдың іргесін көтерген серіктестік басшысы Ибадулла Қаныбеков: «Егер Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының жол бойындағы жерлері оралмандарға берілер болса, Өзбекстаннан 1 миллион қазақты көшіріп келер едім», дегені есімізде.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2017
1 маусымнан бастап дизель отынын сатуға акциздердің көтерілуіне байланысты жанар-жағар май бағасы өседі, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2017
«Бизнестегі арулар» бағдарламасы жалғаса береді
Еліміздің әр шалғайында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қыз-келіншектер 2015 жылдан бері Еуропа Қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Үкіметі қаржыландыратын «Бизнестегі арулар» бағдарламасының көмегіне сүйеніп келеді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Ардагерлерді тоғыстырған турнир
Талдықорғанда Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерлерінің арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Турнирді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ашып «Бұл бәсеке ел көлемінде бұдан кейін де игі дәстүрге айналып, спортсүйер қауымның игі шарасына айналады деп сенеміз», деді.
Әлем • 23 Мамыр, 2017
Манчестерде жарылыстан 20-дай адам өлді
Англияның Манчестер қаласындағы концерт залында болған жарылыстан кемінде 19 адам өліп, 50-ден аса кісі жараланды. Бұл туралы қала полициясына сілтеме жасап ВВС хабарлайды. Полиция шабуылды теракт ретінде бағалап отыр.
Білім • 23 Мамыр, 2017
Адамдар бәсекелік қабілетімен айқындалады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», деген өрелі пайымдар өзгелер секілді маған да үлкен ой салды.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Қостанай облыстық мешіті бір кеште 700 адамға ауызашар береді
Енді санаулы күннен кейін Рамазан айы басталатыны, мамырдың 27-і күні мұсылман жұртшылығы ораза ұстап, ауыз бекітетіні белгілі. Осыған орай, Қостанай облысындағы мешіттер, жалпы мұсылман қауымы дайындық жүргізіп жатыр. Облыс төңірегінде 16 аудандық, 4 қалалық, 15 ауылдық мешіттер және 15 намазхана бар.
• 23 Мамыр, 2017
• 23 Мамыр, 2017
Қазіргі заманда адами капитал қоғам, мемлекет алдындағы маңызды міндеттерді шешуде басты рөл атқаратын әлеуетті күш, құнды ресурс саналуда. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында адами капитал бес басымдықтың бірі ретінде арнайы аталып, оның сапасын жақсарту қажеттігі қадап айтылды. Демек, бүгінде адамның жасампаздық қабілетін оның ақыл-ойын, білім-білігін жетілдіру арқылы дамыту алдыңғы орынға шығып отыр. Ал, оны жүзеге асыру алдымен білім беру саласы қызметкерлерінің еншісінде. Әрине, педагогтардың бәрі бірдей емес, сондықтан болар, мұғалімдер көп, нағыз ұстаздар аз дейтініміз. Шынында да, қырық жыл мұғалім болса да, деңгейі шамалы, ортаңқол маман ретінде көптің арасында еленбей жүретіндер аз емес.