Әлем • 23 Мамыр, 2017
Түркияның қазіргі билеуші «Әділет және даму» партиясының кезектен тыс үшінші съезі өтті. Партия мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған партия жетекшілігіне қайта сайланды.
Президент • 23 Мамыр, 2017
Эр-Риядтағы саммит ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты
Өткен аптаның соңында әлем назарын өзіне аударған алқалы жиындардың бірі Сауд Арабиясы Корольдігінде өтті. Ел астанасы Эр-Рияд шаһарында алғаш рет өткен «АҚШ – Ислам әлемі» саммитіне мұсылман дүниесіндегі 55 мемлекеттің көшбасшылары қатысты. Әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі, Ислам әлемінің маңызды бөлігі, бәсі биік басқосулардың белсене қатысушысы ретінде Қазақстанның да бұл жиыннан сырт қалмағаны түсінікті.
Білім • 23 Мамыр, 2017
Жаңа форматты мұғалім қандай болуы керек?
Барлығымыз балалық мекенінен қанат қақтық. Ұстаздарымыз қарапайым мұғалім ғана емес, жанымызға серік, қиялымызға қанат бола білді. Сондықтан жүрегіміздегі құрмет тақтасына есімдерін алтын әріппен жаздық. Бастауыш сынып мұғалімінің ұстанымы бөлек. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған періштелерге «Білім» деген қасиетті үй есігінің алтын құлпын мейірімнің күміс кілтімен ашып, ондағы сан мыңдаған құпияларды табуға себепкер болатынын балаларды алғаш көргеннен-ақ түйсіндім. Сол сәттен бастап «Ұстаз – ұлы есім» деген ұғымның мәні кеңіп сала берді.
Әдебиет • 22 Мамыр, 2017
Сауытбек Абдрахманов. Мырза кен
Мырзекеңді – Мырзатай Жолдасбековті білгеніме елу жылға жуықтапты. Нақтылап айтсам, дәл 47 жыл болыпты. Аз уақыт емес. Әйтеуір бір адамды танып-білуге емін-еркін жететін уақыт.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
«Армия ойындары – 2017» сайысына әлемнің 27 елі қатысады
ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Әмір Халықовтың жетекшілік етуімен әскери делегация «Армия ойындары – 2017» халықаралық сайысын ұйымдастыру мәселелері бойынша үшінші жоспарлаушы конференцияға қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Медицина • 22 Мамыр, 2017
31 мамырда Білім және ғылым министрі халыққа есеп береді
Биыл 31 мамыр күні Астанада Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 22 Мамыр, 2017
EXPO-2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтеді
Елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері жоғарғы денгейде ұйымдастырылуы тиіс. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте мәлім етті.
Жекпе-жек • 22 Мамыр, 2017
Галбадрах Отгонцэцэг әлемдік рейтингте көш бастады
Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде бірінші орынға көтерілді.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Атырауда республикалық Махамбет поэзиясы күні өтті
«Махамбет! Бұл есім – өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты есім... Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп, ылғи ғана «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі, дәлірек айтқанда, біздің бүгінгі күніміз – азат Қазақ мемлекетінің егемендігі». Махамбет туралы айтылғанда академик Зейнолла Қабдоловтың осы сөзі алдымен ойға оралады.