Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

Ақмола облысында Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші ашылады

Бастаманы Степногорск қаласының басшылығы іске асыруға бел байлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

АХҚО Цинхуа университетімен Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Бейжіңде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Цинхуа университеті арасында Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

Солтүстік Қазақстанда ғалым Зарқын Тайшыбайдың 75 жылдығына арналған конференция өтті

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасында журналист кадрларын даярлаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп,  Республиканың еңбек сіңірген қайраткері, журналист-публицист, осы оқу орнының профессоры Зарқын Тайшыбайдың 75 жылдығына арналды.

Театр • 15 Мамыр, 2017

«Тасбақа үміт» атты спектакль Ресейде сахналанады

Астанадағы Жастар театрында режиссер Дәурен Серғазиннің «Тасбақа үміт» атты психологиялық драмасы сахналанды. Орыс драматургі Николай Коляда шығармасының желісімен жазылған бұл туынды, қазіргі қоғамдағы өзекті проблеманы көтерген. Үміт желкенін арқалап, баладан бақыт тапсақ деген ізгі ниет жолындағы отбасылық шырғалаң, яғни, өмір баспалдағындағы қилы қиындықтар суреттеледі.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2017

Бауырластық байланыс кәсіпкерлікте де жалғасты

«Қазақпен жол жүрсең адаспайсың». Бұл туысқан өзбек халқының мәтелі. Есік пен есік отырған көршілердің түбі бір туысқандығында айып жоқ. Соның жарқын айғағындай, Оңтүстік Қазақстан облысында Ташкент қаласының тауар өндірушілерінің екі күндік көрмесі өтті.

15 Мамыр, 2017

«Бала дауысы» балдырғандарға қуаныш сыйлады

Өткен сенбі күні Пав­ло­дар қаласындағы Естай атындағы қалалық мәде­ниет сарайында Әлия Назарбаеваның «Жандану әле­мі» қорының бірегей жобасы – «Бала дауысы» ұл­ттық ән байқауының екінші маусымы басталды. Бай­қау шымылдығы жоба­ның алғашқы маусы­мында Павлодар облы­сының атынан қатысып, жеңім­паз атанған Мерxат Жыл­қыбаев пен Мария Затвар­ницкаяның орындау­ын­д­ағы әсем әнмен ашылды. Еліміздегі барша балдыр­ғандарға қуаныш сый­лайтын, олардың өнер жо­лындағы тұсауын кесетін «Бала дауысы» биыл Тұңғыш Президент қоры, Мә­дениет және спорт министр­лігінің қолдауымен өтіп жатқанын айта кетейік.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

Жас таланттар жарқылы

Жақында домбыра мен пианинода жұптасып өнер көрсететін Сәбит Абзалов пен Диляра Серік «Сәлем, Астана!» атты рес­пуб­ли­­калық байқауға қатысқан 400 үміт­кердің арасынан суыры­лып шығып, бірінші орынды ол­­жалап қайтты. 9-10 жастағы та­­лантты балғындар халық ән­де­­рінен үзінділер орындап, қа­зы­­лар алқасының ең жоғары ба­­ғасын алды. Мұның алдын­да «Ма­нящие лики гор» ха­лық­ара­лық байқауында бағын сы­наған Аружан Баранқұлова сән­дік-қолданбалы өнер аталымы бой­ынша екінші орынды жеңіп ал­ған болатын. 

Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

Ішкі істер вице-министрі: Тасқын судан зардап шеккендерге барлық жағдай жасалады

Мамандардың айтуынша, Қызылжар  өңірінде биылғы су тасқыны соңғы 37 жылдың ішіндегі ең ауқымдысы болған көрінеді. Оны облысқа жұмыс сапармен келген Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер  де растады. 

Әдебиет • 15 Мамыр, 2017

Жарты ғасырлық еңбектің есебі

Алматыдағы, Ұлттық кітапханада ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төр­ағасы Нұрлан Оразалиннің он томдық шығармалар жинағы мен орыс тілінде басылған «Избран­ное» кітабының тұсауы кесілді.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2017

Қылмыскер бала – сорымыз

Атырау облысы жасөспірімдер қылмысы бойынша республикада бірінші орында.

Яндекс.Метрика