Аймақтар • 04 Мамыр, 2017
Мұнай төгілген топырақ қалпына келе ме?
Заман өзгерді, техника дамыды деп қанша айтсақ та, адамзат топырақты алмастыра алатын жасанды дүниені әлі күнге ойлап тапқан жоқ. Біз тіршілікке керектінің бәрін дерлік топырақтан аламыз. Бірақ Жер-ананы аялау туралы ұмытып кете береміз. Мысалы, мұнай және мұнай өнімдері қалдықтарынан табиғи экожүйенің бұзылуы экологиялық қауіп-қатердің ықтималдығын жоғарылатады. Қара алтын қалдықтары қатталған аумақтағы топырақтың физикалық-химиялық қасиеттері өзгеріске ұшырайтынын білу үшін көп білім керек емес.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
«Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы шықты
Назарларыңызға «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты.
Бизнес • 04 Мамыр, 2017
Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан Жылыой ауданының тұрғыны Ардақ Төреқұлова о баста кәсіп ашамын деп ойламаған да еді. Бар болғаны сүйікті ісі – тұздықтар мен тосаптар дайындап, таныстарына ұсынған.
Бизнес • 04 Мамыр, 2017
Қазақстанда ипотека рәсімдеушілер қайта көбейіп келеді
2017 жылдың қаңтар-наурыз арылығында ҚР екінші деңгейлі банктерінің ипотекалық қарыз портфелі 15,1 млрд теңгеге ұлғайып (1,5 пайыз), 998,4 млрд теңгеге жетті. 2016 жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш керісінше 3,3 пайыз азайып, 871,1 млрд теңгені ғана құраған еді.
Бизнес • 04 Мамыр, 2017
Қазақстанда жасалған тауарлар арзандай бастады
2017 жылдың сәуірінде отандық киімдер, темекі және текстиль өнімдерінің бағасы наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,2 пайызға арзандады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Парламент • 04 Мамыр, 2017
Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы Әзербайжан елшісін қабылдады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадовты қабылдады, деп хабарлайды палатаның баспаөз қызметі.
Үкімет • 04 Мамыр, 2017
А. Мамин Ашхабадта Түрікменстан Президентімен кездесті
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Асқар Мамин Ашхабадта өткен Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Үкімет • 04 Мамыр, 2017
Үкімет үйінде "Самұрық-Қазынаның" сатып алу жүйесін жетілдіру жайы сөз болды
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу қызметін басқару саясатын жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2017
Астанада ұялы телефонды тегін қуаттайтын орындықтар орнатылды
Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Айтулы шара қарсаңында елорда көшелеріне ұялы телефон қуаттайтын бағаналар мен орындықтар орнатылды, деп хабарлайды Сарыарқа ауданының әкімдігі.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Әділет министрі қазақ тілін үйреніп жүр
ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев қазақ тілін жетік меңгеру үшін сабақ алып жүргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.