Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Сирия мәселелерін реттеу бойынша Астана процесінің рөлі туралы

Кеше елордада Сирия мәселелері бойынша халықаралық ке­ліссөздердің төртінші раунды басталды. Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран елдерінің, Сирия үкіметі мен Сирия оппо­зициясының делегациялары, БҰҰ-ның, АҚШ-тың және Иор­данияның арнаулы өкілдері қатысуда. Астана процесі деген атауға ие болған халықаралық келіс­сөз­дер бүгін де жалғасады деп күтіліп отыр.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Әр азаматқа айқын бағдар

Мен шет ел азаматы болсам да жуықта Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқып, ерекше әсерге бөлендім. Себебі, онда ғылым мен технологияның қарыштап дамуы қарсаңында, әсіресе, жаhандану заманында Қазақ елін, Қазақстанның әрбір азаматын болашаққа бастайтын нақтылы сара жол көрсетіліпті.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Мемлекет тірегі – руханият

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» деп аталатын мақаласын ерекше зейінмен, толға­ныс­пен оқыдық. Мақала ел тағдырын, жер тағды­рын, ұлт тағдырын ойлаған әрбір азаматты бейжай қалдырмайды.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Ойландырады. Іздендіреді. Дамыттырады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жария­лан­ған әрбір сөзінен кейін кез келген саналы адамның ойланып, толғанатыны, өз пікірін, қабылдауын пайымдайтыны анық. Халыққа, яғни ұлтқа айтылған сөзді әр азамат өзіне айтылған сөз деп қабылдайды. Бұл да Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқының игілігі мен өркендеуі үшін дамылсыз қайраткерлік еңбегінің, сондай-ақ, халықтың да Елбасына деген қалтқысыз сенімінің нәтижесі, көрі­нісі болса керек. Яғни, ең жоға­ры мемлекеттік билік пен халық­тың бір мүдделілігі, бір мақсат­тығы, бір тұтастығы. Тек осын­дай ел ғана жасампаздық биі­гін игеруге қабілетті екені де хақ. Осы қағи­­дат­тар Президент сая­саты­ның, Қазақ­стан дамуының қай­нар бұлағы, ірге­тасы, арман, мұрат­қа жеткізер жарқын бағдары. Бұл қағидаттарға үнемі, үздіксіз екп­ін беріліп, әрбір жаңа кезеңде маз­мұны, талабы өзгеріп, жаңарып оты­ра­тыны да ел көңілінен орын алған.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Қазақтың батыр ұлдарын өзіме үлгі тұтамын

Мен 1999 жылдың 8 қарашасында Астана қаласында өмірге келдім. Тәуелсіз Қазақ елінің азаматы болғанымды әрқашанда мақтан тұтамын. Осы сезімнен өлең жазуға кішкентай күнімнен құштар болдым.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Бүгін Қазақстанның солтүстік батысы жаңбырлы болады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек батыс, солтүстік батыста және осы аймақтың кейбір жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

04 Мамыр, 2017

«Сіз біз үшін маршалсыз, Ким аға!..»

Сонау 1992 жылдың 21-25 желтоқсанында Жоғарғы Кеңесте «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» еліміздің тұңғыш заң жобасы қызу талқыға салына отырып бекітілді. «Бейбіт ел болсақ, бізге әскердің керегі не деп байбалам салған пацифист-депутаттар көп болды!» дейді сол күндерді толғаныспен еске алған әскери ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, полковник Ким СЕРІКБАЕВ. Әскери ғалыммен Отан қорғаушы күні қарсаңында өткен әңгімеміз былай өрбіді.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Интерактивті дәріс өткізілді

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу қарсаңында Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін интерактивті дәріс өткізді.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Ерен еңбек еленеді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген көкейкесті мәселелердің бірі – «Туған жер» бағдарламасы. Елбасы кәсіпкерлігі өрге басып, табысы молайған ауқатты азаматтарды өзінің туған жерін түлетуге шақырды. Бұл – дұрыс қадам. Әрбір кәсіпкер өз туған жерінің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге бел шеше араласса, артық болмас еді. Мемлекет кәсіпкерлер ісінің алға басуына барынша қолдау көрсетіп келеді, енді олар өз кезегінде туған ауылын түлетуге үлес қосуы тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов өткізген баспасөз мәслихатында осындай ой білдірді.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

ЭКСПО-ның ашылуын LED-экрандардан тамашалаймыз

Астана әкімдігінде Мәдениет, мұрағат және құжаттама бас­қар­масының басшысы Болат Мажағұлов баспасөз мәсли­хатын өткізіп, елорда күні мен ЭКСПО-2017 халық­ара­лық мамандандырылған көрмесі барысында ұйым­дасты­рылатын мәдени шаралар легін әңгімеледі. Оның айтуынша, көрме кезіндегі мәдени бағдарламалар мен концерттердің 70 пайызы барша азаматтарға қолжетімді болады және негізінен қаланың түрлі аудандарында ашық алаңдарда, саябақтарда, сондай-ақ, қала маңындағы тұрғын алаптарда өтеді. Ал көрменің ашылу салтанаты «AstanaArtFest» фестивалі кезінде «Бәйтерек» монументінің алдындағы LED-дисплейлер арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Яндекс.Метрика