Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Бизнес • 27 Сәуір, 2017

Қазақстан мен Ирландия қосарланған салықты болдырмау туралы конвенцияға қол қойды

ҚР Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қойылды.

Әдебиет • 27 Сәуір, 2017

Ғасыр бойы сақталған кітаптар

Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында кітапқұмар қауым үшін бағалы жәдігерлер сақталған. Жарық көргеніне ғасырдан асқан, кемі жетпіс жыл болған жинақтар әлі күнге дейін көрелердің сәнін келтіріп, кітапхананың мазмұнын ашып тұр.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2017

Бағдарлама мақсаты – жетімдерді қолдау

«Бабамыздың шоқ басқан табанымен, бірдей екен жақсысы жаманымен» деп қазақ поэзиясының патриархы Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, халқымыздың жақсы қасиеттерінің бірі – жетімін қаңғыртпау, далаға тастамау. Өсіп, ер жетіп адам болып кетуіне қолұшын беру. Бабалардан жұққан осы қасиетіміз бен мәрт мінезіміз әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бұған жыл сайын өсіп-өркендеп келе жатқан Ақтөбе аймағынан да көптеген мысалдар келтіруге болады.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2017

Журналистерге арналған «Үркер» сыйлығы тағайындалды

Баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығы жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің facebook парақшасында хабарлады.

Ат спорты • 27 Сәуір, 2017

Балаларды ат спортына баулып жүр

Тарбағатай ауданында екі ат спорты мектебі бар. Соның бірі аудан орталығы Ақсуаттың іргесіндегі Екпін ауылында орналасқан. 2016 жылы ашылған спорт мектебінің директоры Болат Қойбағаров бұл жердің бүгінде ауыл балаларының сүйікті орнына айналғанын айтады.

Күрес • 27 Сәуір, 2017

Татами үстін жалын шарпыды

​Өткен сенбі, жексенбі күн­дері Алматыда Қазақ елі Дзюдо федерациясының Құр­метті президенті Бекет Махмұтов жүлдесі үшін жастар арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті дүрілдеп. Сол тур­нир­дің салтанатты ашылу сә­тінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Бекет ағаны алтын медальмен ма­рапаттады. Бұл – 1996 жылғы Атланта олимпиадасы алтын медалінің көшірмесі. Олим­пиада комитетінің медалі де табыс етілді.

27 Сәуір, 2017

Дарын даралығы

Шот-Аман Уәлиханов – Қазақстан мен одан тысқары мемлекеттерге танымал сәулетші, қоғам қайраткері, көптеген ғылыми-танымдық еңбектердің авторы, халыққа сыйлы азамат. Оның төл туындысы – егемен еліміздің Елтаңбасы Қазақстанды әлемге танытып келеді! Осындай сөзге шешен, ойға жүйрік аса дарынды адамның сәулет өнерінде ізі ерекше.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2017

Қоңырқұлжаның қоңыр сауыты

Жақында Қарағанды облыстық та­рихи-өлкетану музейінде А­қ­мо­ла сыртқы округінің алғашқы аға сұл­таны Қоңырқұлжа Құдаймен­де­ұлы­ның сауы- ты сақтаулы тұрғаны ту­­ралы сүйінші хабарды естідік. Оны бізге алғаш хабарлаған аға сұл­танның тікелей алтыншы ұрпағы Асылбек төре Алтынов болды. Құнды мұ­ра­ның құжатында: «Жуан темір сы­м- нан тоқылған торкөз сауытты Ақмола қаласына 1924 жылы Тұн­ғатаров деген азамат әкелген. Қо­ңыр әулетіне тиесілі болған сауыт Ақмола округінің 1832 жылы аға сұл­таны болған Қоңырқұлжа Құ­дай­­мендеұлыныкі» деп жазылған. Ал, экспонат Қарағанды музейіне 1935 жы­лы жеткізіліпті. Осы жерде бір­не­ше сұрақ туындайды. Ақмола му­зе­й­і­нде тұрған Қоңырқұлжаның сау­ы­ты не үшін Қарағандыға әке­лін­­ген? Тұнғатаров деген азамат кім және оған ол жәдігер қалай тап бол­ған?

27 Сәуір, 2017

«Құс жолының» қиқулы тарихы - 4

Түркілердің бастапқы өркениет ошағы хақында

Қазақстан • 27 Сәуір, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

​27 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тек батыс және шығыс бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Яндекс.Метрика