Аймақтар • 02 Тамыз, 2019
Маңғыстауда тегін дәрі беру процесі қадағаланып отыр
Маңғыстауда тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда облыста тегін дәрі беру процесі SMS-хабарлама арқылы бақыланып отыр. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» («ӘМСҚ») келтірген дерек бойынша, биыл сәуір-маусым айларында республика бойынша тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердің телефондарына шамамен миллионнан астам SMS-хабарлама жіберілген болатын.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2019
Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары енді Яндекс карталары арқылы велосипедпен серуендеуді жоспарлай алады. Бағдарларды сайтта немесе iOS және Android құрылғыларына арналған қосымшада құруға болады.
Руханият • 02 Тамыз, 2019
(Әңгіме) Әкемнің туған жері – ежелгі Торғай өңіріндегі «Қызбел» кеңшары екен. Ерте кезде тағдырдың айдауымен туыстарымен бірге Көкшетауға келіп, анама үйленіп, қоныс теуіп қалған. Інісі Дүйсен отбасымен атамекенімізге барамыз деп бірер жыл бұрын сол жаққа көшіп кетті. «Інімді қаңғытып жалғыз жібермеймін, бірге болайық» деп әкем сонда қоныс аударды.
• 02 Тамыз, 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтуге орай үкіметтік комиссия құрылсын деген Жарлығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік деңгейде жиын өткен еді. Республикалық комиссияның алғашқы отырысынан кейін Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовпен бірге өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, 2020 жылы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге орай арнайы жиын өткізді.
Руханият • 02 Тамыз, 2019
...Ол үлкен сахнаның төріне алғаш шыққан кезде жұрт оған халыққа көрінгені үшін қошемет көрсетіп, қол соқты. Әнін аяқтап бола салысымен өздеріне эстетикалық ләззат сыйлағаны үшін алақан дуылдатты. Әнші үшін бұл жағдай бұрын өзі бастан кешіп көрмеген және тілмен сипаттап жеткізу қиын керемет бір нәрсе болды...
Қазақстан • 02 Тамыз, 2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бекітілді
Ұлттық экономика министрлігі ведомстводағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңартылған жоспарды бекітті. Жоспар рәсімдердің айқындығы мен ұжымдағы сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті нығайтуға бағытталған.
Медицина • 02 Тамыз, 2019
7,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі қайтарылды
Халықтың көші-қонына орай 3,9 млрд теңге сомасында және диагноз бен емдеу жүйесінің өзгеруіне байланысты 4,3 млрд теңге тұратын дәрі-дәрмектен бас тартуға тура келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында «СҚ-Фармация» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.
Саясат • 31 Шілде, 2019
Қазақстан Елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Душанбе қаласында Ұлт Сарайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевтың Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Сенат депутаттары шымкенттіктермен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс бабындағы сапар аясында Шымкент қаласында жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.