Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2018
Көрмеде өткен жылдың ең маңызды оқиғаларын бейнелеген үздік фотосуреттерді тамашалай аласыз.
Спорт • 07 Желтоқсан, 2018
Алматыда Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты өтеді
7-9 желтоқсан аралығында Алматыда бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен Arlan Grip Selection және Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты өтеді.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
Қостанайда «NEET жастар» саны азайып келеді
Бұл жөнінде облыс әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында айтылды. 2018 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша облыс өңіріндегі NEET жастардың саны 4,9 процентті құраған. Бұл республикалық көрсеткіштен (7,7 процент) әлдеқайда аз.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
Мегажобаның мықтылары анықталды
Астанадағы Қазмедиа орталығының киноконцерт залында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында эфирге шыққан «Men qazaqpyn» атты халықаралық мегажобаның қорытынды гала-концерті өтті.
Бокс • 07 Желтоқсан, 2018
Атақты боксшылар үлкен спортпен қош айтысты
Қазақстанның атақты былғары қолғап шеберлері Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов және Антон Пинчук үлкен спортпен қош айтысқандары жайында ресми түрде мәлімдеді. Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Спорт • 07 Желтоқсан, 2018
Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атануы мүмкін
2018 жылғы UMBRO Futsal Awards жүлдесінің иегерлері анықталатын күн жақын. «Әлемнің ең үздік қақпашысы» аталымы бойынша үміткерлер тізімінде Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының мүшесі Игита да бар.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
АҚШ-та айқасатын қос боксшымыздың қарсыластары белгілі
Келесі жылдың 11 қаңтарында АҚШ-тың Калифорния штатының Санта-Инесе қаласында өтетін бокс кешінде Қазақстанның қос өрені – Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсетеді.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
«Ұлттық нейрохирургия орталығы АҚ» басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен сұхбат
Өнегесі қалыптасқан отбасынан шыққан ұлан оспадар емес, ойы орамды ұлт жақсысына айналады. Бұл біз ой сілеміне қазақ медицинасының бүгінгі қабырғалы қайраткері, айтулы дәрігер-нейрохирург, әлемдік медицинада өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, «Ұлттық нейрохирургия орталығы АҚ» басқарма төрағасы Серік Ақшолақовты суыртпақтап әңгімеге тартқанда тоқтаған байлам еді.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
Жарқынбек Құлбайымбетов: ХХІ ғасыр – жетістіктер ғасыры
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы елімізде үлкен өрлеу туғызып отыр. Президент тарихи еңбегінің «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталатын бөлімінде қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шерте келе, Ұлы даланың жеті қырына жеке-жеке тоқталып, нақты анықтама береді.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018
Қарасазға іздеп бардым ғой, өзіңді – Мұқағали бауырым! Бізді бауырластырған қазақтың қара өлеңі еді ғой. Сіз өлеңнен жаралғандайсыз, біз, жырыңызға шүйгін тәрізді шүйліккен аңсар көңіл жай бір оқырмандарыңызбыз. Иә, солай! Жастайымнан өлеңіңізге бауыр баспасам, сізді ат сабылтып іздей қоюым екіталай-ау, сірә. Ана бір жылы Әбіш Кекілбаев та өзіңізге сездірмей Қарасазға барып, өлеңге тойынып қайтпап па еді. Менің іңкәрлігім де дәл солай. Аузыңыздан шыққан әр жақұт сөзіңізді өзіңіздей сезініп өскен ұрпақ ұшқыны едік. Тарттым сосын Қарасазға сізді іздеп... Бұл неткен құдіретті күш еді, ақыл-естің тізгінін қолына мытып ораған.