Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

«Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстан тарихына оң көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инс­титутында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған «Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстан тарихына оң көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Үкімет отырысы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыруға арналды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланып, индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдардағы тұжырымдамасы баяндалды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыруға арналды. 

Саясат • 05 Желтоқсан, 2018

Гюнай Эфендиева: Заманауи және қуатты Қазақстанды көрдім

Қазіргі кезеңде түркітілдес мемлекеттер қарқынды дамып келе жатыр және әрқайсысы халықаралық аренада өзіне лайықты орынға ие. Сол мемлекеттердің бірі, түркі әлемінің маңызды бөлігі – Қазақстан Республикасы. Оның ішкі және сыртқы сая­сатты жүргізуі, серіктестік қағидаларына шынайы көзқарасы халықаралық беделінің зор екенін көрсетеді. Айта кету керек, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық жетістіктері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Жаңа ауданның ескі мәселелері қалай шешілуде?

Келестік ғалым бір жылда үш мәрте өнім алуға болатынын диқандарға дәлелдемек. Ғылым докторы Бердияр Қалымбетов бұл үшін Бірлесу және Жүзімдік ауылдарынан арнайы жер алып, ашық топырақта бақша өнімдерінің бірнеше түрін тәжірибеден өткізген. Нәтижесі жаман емес. 

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2018

Алыстағы жас жыршының арманы

Қарашаның басында Астанада шетте жүрген қандастардың біраз өнерпаз жастарының басын қосқан өнер фестивалі өткен еді. Сонда жыр-терме аталымы бойынша сахнаға шығып Наурызбек жыраудың «Сөз басынан» бастап «Ал, жырауың толғасын», «Ал, жігіттер сал құлақ» толғауларынан бірінен соң бірін төгіп-төгіп жіберген Жанғар Мәмбетназаров деген жас жігіт жұрт назарын өзіне ерекше аудартып еді. Өзі Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласынан келген екен.

Президент • 04 Желтоқсан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бокс • 04 Желтоқсан, 2018

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Әбілғазин спорт ұйымының баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Таразда  ешқандай базар жабылмайды

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен облыс орталығындағы базарлар мен өзге де сауда орындарын қолданыстағы заңнама талаптарына сай ретке келтіру және басқа да ұйымдастыру мәселелері туралы жиын өтті. Аталған жиында ірілі-ұсақты сауда орындарының жай-күйі жан-жақты талқыланды.

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Үкіметте Үшінші индустрияландыру бағдарламасының тұжырымдамасы мақұлданды

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының аясында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленген Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдама жобасын таныстырды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.