Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Биылғы жылдың 11 айында сиыр етінің эспорты 14,5 мың тоннаны құрады

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Президент • 04 Желтоқсан, 2018

Қазақстан Президенті Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Жули Пайетпен жүздесу барысында генерал-губернатордың Қазақстанға алғашқы ресми сапарының канадалық ғарышкер Давид Сен-Жактың Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған кезімен тұспа-тұс келуінің символдық мәнін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Алматыда ақысыз сырғанақ алаңдары ашыла бастады

Тынысыңды ашатын салқын жұпарды құшырлана жұтып, құмарың қанғанша сырғанақ тебу қыс айларының бір кереметі. Қысы қатты қыспаққа алмайтын Алматылықтар үшін бұл игіліктің орны тіптен ерекше деуге болады. Былтыр шаһар тұрғындарын айрықша қуанышқа бөлеген қаладағы тегін сырғанау алаңдары биыл да қыс түсе салысымен қайта ашыла  бастады.

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Мүгедек жандардың халықаралық күні атап өтілді

Алматы  облысының Өтеген батыр ауылында «Прогресс» политехникалық колледжінде мүгедек жандардың халықаралық күні аталып өтілді. БҰҰ шешімі бойынша 1992 жылдың 3 желтоқсаны Халықаралық мүгедектер күні болып бекітілген.

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппарат жиналысында облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарын таныстырды. Президент әкімшілігімен келісе отыра өңір басшысының бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары болып Тоқжанов Марат Лұқпанұлы тағайындалды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Президент • 04 Желтоқсан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Шымкентте кедендік рәсімдеу жүйесінде «АСТАНА-1» ақпараттық жобасы енгізілді

Жуырда Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеровтың төрағалық етуімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған «Кедендік декларациялаудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Нұр Отан» саяси партиясының Шымкент қаласы филиалы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жауаптылары қатысты.

Экономика • 04 Желтоқсан, 2018

Мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған салтанатты жиынға араб елінің өкілдері қатысты

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында Тұңғыш  Президент күніне арналған салтанатты кешке мәдени байланысты кеңейтуге арнайы келген Біріккен Араб Әмірліктері Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мухаммед Камиль Али Муейни бастаған делегация құрамы қатысты.

Өнер • 04 Желтоқсан, 2018

Варшава әуежайында қазақтың ән-күйі әуеледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген қоғам үшін маңызды құндылықтарды жүзеге асыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық ұжымы Еуропаның Польша, Чехия және Венгрия Республикаларына арнайы сапарға шықты. 

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Алматы әкімі қаланың үздік мұғалімдерімен кездесті

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен білім саласының инфрақұрылымын дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Тек биылғы жылдың өзінде алып шаһар Алматыда білім нысандарын құрылыс пен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Тәуелсіздік жылдарынан бері қалада 117 оқу ордасы бой көтерсе, соңғы бес жылда саланы қаржыландыру 37%-ке өскен.