Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Футзалдан «Төрттік финал» Алматыда өтеді

Футзалдан 2018/2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалы» келесі жылдың сәуір айының аяғында Алматыда өтеді.  

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

«Асан» фильмі арнайы жүлде алды

Бакуден сүйіншілетіп жеткен ақжолтай ха­бар киносүйер қауымды тағы да қуант­ты. Режис­сер Берік Жахановтың қыс­қа­мет­ражды фильмі тоғы­зыншы халық­ара­лық Start Film фестивалінде арнайы жүл­деге ие болды.

Өнер • 05 Желтоқсан, 2018

«Таңғажайып Қытай – Көрікті Синьцзян» атты фотокөрмесі ашылды

Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Таңғажайып Қытай – Көрікті Синьцзян» атты фото көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Алмабақтағы арулар

Аспан түңдігінен төгілген тіршіліктің арай нұры айналаны ақ сәулесіне шомылдырған ба дерсіз. Алмабақ ішінде шаттықтан шалқып ән салып отырған арулар әсем үнімен тұтас даланы әлдилейді. Табиғаттың тамаша шағы одан сайын құлпыра түсіп жаныңа шуақ құяды. Көрерменнің көзін баурап, көңілін жаулайтын көркем шығарма қазақ қыздарының нәзік болмысын бояу тілімен бедерлеген.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2018

Павлодарда «Динамо» спорт кешенінің ашылуына Ольга Шишигина  келді

Облыс  орталығында  1980 жылдары салынған  нысанға биыл күрделі жөндеу жасалды.  Сол кезден бері «Динамо» спорт кешенінде  бұрынғы милиция,   қазіргі полиция қызметкерлері жаттығатын орынға айналған.

Әлем • 05 Желтоқсан, 2018

Өзбекстанның Қазақстандағы жылына арналған мерекелік концерт өтті

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге және Өзбекстанның Қазақстандағы жылына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстанға ыстық ықыласпен!» атты мерекелік концерт өтті.  

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Елге берген елден кетпес

Теміржолшылар отбасында дүниеге келіп, ауылдың шаңына аунап өскен қара бала кейін ғылымның күрделі саласын бағындырған айтулы ғалымға, қоғамда белгілі тұлғаға айналды. Біз сөз етпек Әбдікерім Мұратұлының есімі мен еңбегі ел-жұртқа жақсы таныс. 

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Жастар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қонақта болды

«Жас Отан» ЖҚ белсенділері Астанадағы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қонаққа барды. 

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Меншікті зейнетақы капиталын қалыптастыру – әр қазақстандық үшін аса маңызды міндет

2018 жыл көптеген оқиғаларымен маңызды. Ұлттық валюта – теңгенің 25 жылдығы атап өтілді, Қазақстанның зейнетақы жүйесі 20 жылдығын атап өтеді, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 5 жыл толды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жан-жақты баға беру үшін оның қызметін 35-40 жыл бойы талдау қажет деп есептеледі. Орташа алғанда, адамның еңбек қызметінің уақыты сондай, сол мерзім ішінде ол зейнетақы жарналарын сала отырып, өзінің зейнетақы капиталын қалыптастырады. Жүйенің жетіліп, жемісін беруі үшін бұл кезең жеткілікті саналады. Соған қарамастан, 20 жылға созылған едәуір жолдан өттік. Сондықтан аралық қорытынды шығарып, болашақ туралы ойлануға болады. Осы жағдай туралы «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында әңгімелейді.

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Нұрлан Ноғаев: Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – парызымыз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала­сында ауқымды мақсаттарды жүзеге асырудың басым бағыттарын анықтап берген болатын. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы да осы игі бастаманың жалғасы ретінде қоғамға тың серпін әкелді. Қазақстанның әлемдегі тоқтаусыз өзгерістер, құбылыстар үдерісінде, жаһандану жағдайында өзінің ұлттық ерекшелігін, рухани әлеуетін жоғалтпайтын ел ретінде дамуы үшін бұл бағдарламалардың маңызы зор екені анық. Елбасы жүктеген міндеттер төңірегінде мұнайлы өңірде қандай шаралар қолға алынады? Аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевпен әңгімеміз осы сауал төңірегінде өрбіді.