Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018
Маңғыстау темір жолы: толассыз тасымалдар
Маңғыстауда әуе жолы бағыттары көбейіп, теңіз жолының көкжиегі кеңеюмен қатар, теміржол қатынасы артып келеді. Арғы тарихын өңірде мұнай кен орындарының игерілуімен байланыстыратын Маңғыстау темір жолы 2007 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясының «Маңғыстау теміржол бөлімшесі» филиалы ретінде Атырау теміржол бөлімшесінен еншісін алып, дербес бөлімше болып бөлініп шыққан еді. Арада өткен он бір жыл оң өзгерістердің, жаңаша жұмыстардың жылы болды.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018
Оралда жаңа автобустар пайдалануға берілді
Орал қаласында биыл су жаңа 35 автобус қоғамдық жолаушы тасымалы қызметіне қосылды. «Уралтехсервис» ЖШС №20 маршрут жүйесіндегі 15 көлікті «Вектор» маркілі автобустармен ауыстырды.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018
28 панфиловшының ерлігі тың деректермен расталып, алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойылды
Екінші Дүниежүзілік соғыста неміс фашистерінен Мәскеуді қорғаған қазақстандық панфиловшылар дивизиясының 28 жауынгерінің жанқиярлық ерлігін жоққа шығарушыларға ақырғы рет әрі аяусыз тойтарыс берілді. Мәскеуден шыққан «бүлікті» Мәскеудің өзі басты! Сонымен үш жылғы созылған «мылтықсыз майданның» ақырғы нүктесі қойылды. Естеріңізде болса, 2015 жылдың маусымында Ресей мемлекеттік архивінің директоры Сергей Мироненко КСРО Әскери бас прокурорының бір кездегі анықтама-баяндамасына сүйеніп, тарихта 28 панфиловшы дегендердің болмағаны, ол Кривицкий деген әскери журналистің аңыз әңгімесі ғана деп айды аспанға шығарған еді. Бірнеше ұрпақ өкілінің құлағына сіңген көзсіз ерліктің ойдан шығарылғаны туралы «тың деректі» мемархив директоры Әлемдік орыс баспасөзінің конгресінде жария еткен. Содан не керек, Ресей әскери-тарихи қоғамы үш жылға жуық архивтерді арпалысып жүріп ақтарып, тірнектеп жинаған еңбегін ақыры жария етті. Бұрнағы күні РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский «Смерш»-тің таңбасы басылған құжаттың құпиясын ашты. Бұл өзі Екінші Дүниежүзілік соғыстың тарихындағы нағыз сенсациялық оқиғаға айналды. Осыған орай әскери ғылымдар докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, полковник Ким СЕРІКБАЕВПЕН әңгімелескен едік.
Аударма • 05 Желтоқсан, 2018
Музейлер жануарлар әлемін сақтауға көмектеседі
Ресейдегі Зоология музейінің есігі келушілерге ашылар алдында Алексей Тихонов Сібірден табылған 30 000 жылдық мамонт Машаға ұзақ қарап тұрды. Ол 30 жыл бұрын Ғылым академиясы зоология институтына әкелінген болатын.
Аударма • 05 Желтоқсан, 2018
Жаңа технологиялардың кері әсері де айтылуы тиіс
Шілдеде жасанды интеллектімен айналысатын екі зертхана ерін қимылын оқи алатын жүйе жасап шығарды.
Аударма • 05 Желтоқсан, 2018
Ауғандықтар полиомиелитті жоюға тырысып жатыр
Мадина 2 жасқа толғанда оған 7 рет вакцина салынып үлгерген. Бірақ бұл жеткіліксіз болды. Күзде ол ауырып қалды. Қандағардағы дәрігерлер оның полиомиелитке шалдыққанын анықтады.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018
Сапалы білім экономикалық өсімнің кепілі
Білімдінің жүзі жарық екендігін халық әлімсақтан айтып келеді. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөзі бар халық балаларын қалайда оқытуға тырысады. Алайда, «үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, жұрттың бәрі бүгінгідей жағдайда перзенттерін қалаған оқуына жібере алмайды. Қолы қысқалық қылғандықтан, бармағын шайнап қалады. Ал талапты жастар көшеде қалып кетпеуі керек. Елбасы халыққа Жолдауларында осы мәселені өңір басшыларына үнемі ескертіп, мемлекеттік қолдау көрсетіп келеді.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018
«Сәтті Жұлдыз» сауда нарығында ШОБ-ты қолдамақ
Әлемдік лотерея индустриясында билет сату процесі кішігірім дүкендер арқылы іске асады, яғни шағын және орта бизнес өкілдері үшін өте ыңғайлы. Дегенмен Қазақстанда лотерея өнімін сату ұзақ уақыт бойы меншікті желі арқылы немесе кәсіби бөлшек сауда орындары арқылы жүзеге асырылып келді.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018
«Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстан тарихына оң көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған «Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстан тарихына оң көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018
Үкімет отырысы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыруға арналды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланып, индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдардағы тұжырымдамасы баяндалды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыруға арналды.