Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Үкімет • 31 Қазан, 2018

Жұмыспен қамту жіті назарда

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017–2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысы және мемлекеттік бағдарлама мәртебесінде оның өзектілігін арттыру жобасы қаралды. 

Өнер • 31 Қазан, 2018

Әлемдік деңгейдегі қойылым

Опера өнерінің айнымас жанкүйерлеріне «Астана Опера» алтыншы маусымының бірінші қойылымы ерекше найзағайдай әсер етті. Бұған театр репертуарына қосылған Джоаккино Россинидің атақты «Севильдік шаштараз» операсы себеп болды. 

Аймақтар • 31 Қазан, 2018

Үржар емес, Өржар!

Егер топонимика географиялық объектілерді зерттейтін тіл білімінің саласы болса, топонимия – мемлекет, әкімшілік аумақ, елді мекендер мен жер-сулардың сыр-сипатын білдіретін атаулардың жиынтығы. Ал кейбір кезде белгілі атау негізгі ғылыми және практикалық қызметімен қоса, мемлекеттік пен егемендіктің басты белгілерінің бірі болатыны да бар. Оған еліміздің егемендік жариялап, ең алдымен мемлекеттің жаңа атауын Қазақстан Республикасы деп атауы айқын дәлел бола алады. Тек содан кейін еліміздің мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Әнұран және Ту қабылданды.

Қазақстан • 31 Қазан, 2018

Ұстаз мұрасы ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды

ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің, ақпараттың дамыған ғасыры. «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, сауатты ұрпақ – еліміздің болашағы.  

Аударма • 31 Қазан, 2018

ДНК-лардың көбі неліктен зерттелмеген?

Сізде PNMA6F деп аталатын ген бар. Жалпы, ол адамдардың бәрінде бар. Бірақ осы геннің немесе оны жасайтын протеиннің мақсатын ешкім білмейді. Қарап отырсақ, PNMA6F түсініксіз жалғыз ген емес екен. 

Әлем • 31 Қазан, 2018

Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі: Астана – Елбасының үлкен жеңісі

Қарашаның 2-сі күні Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Аталған жиында шағын құрамда Достастық елдерінің үкімет басшылары ТМД аясындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады және келесі кездесудің мезгілі мен орнын нақтылайды деп жоспарлануда. Достастық атқару комитетінің мәліметінше, отырыстың кеңейтілген құрамдағы күн тәртібіне түрлі саладағы әріптестікке қатысты 13 мәселе енгізіліп отыр. Осы орайда аталған жиынға қатысатын мәртебелі мейманның бірі – Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Новруз МӘММЕДОВ мырзамен әңгімеміз бауырлас екі елдің арасындағы экономикалық, саяси һәм мәдени байланыстардың бүгіні мен келешегі төңірегінде өрбіді.

Аймақтар • 31 Қазан, 2018

Атыраудың алғашқы геопорталы аймақ туралы толық ақпарат ұсынады

Атыраудың қай жерінде қандай мекеме бар, мейрамхана, дәріханалардың, әлеуметтік нысандардың орналасқан жері, мәдени шаралар кестесі, құқық бұзушылық картасы, жолаушылар тасымалы жөнінде білгіңіз келсе, жауаптың бәрін geo.eatyrau.kz порталынан табуға болады. 

Президент • 31 Қазан, 2018

Елбасы Мемлекеттік хатшыны қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 30 Қазан, 2018

Атырау облысының кәсіпорындары жалақыны көтере бастады

Атырау облысында кәсіпорындар қызметкерлерінің қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша жұмыстарды бастады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру жөніндегі тапсырмалар аясында өңірдің бірқатар компаниялары өз қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 10-нан 30%-ға дейін арттырды.

Аймақтар • 30 Қазан, 2018

ШҚО-дағы «Қазцинк» компаниясы қызметкерлердің орташа жалақысын көтереді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазан айындағы Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырып, еліміздегі ірі компанияларды бұл бастамаға үн қосуға шақырған еді.