Әлем • 25 Қазан, 2018
Президент сапарының жаңғырығы. Шетелдік БАҚ-қа шолу
Әлемдік ақпарат құралдары және халықаралық сарапшылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы 18-19 қазанда Брюссельде өткен Азия-Еуропа форумы (ASEM) 12-ші саммитінің пленарлық отырысында сөйлеген сөздеріне ерекше маңыз беруде. Қазірдің өзінде әлемдік белді-белді ақпарат құралдары белгілі саясаткерлер мен экономистердің пікірлерін жарыса жариялап жатыр.
Медицина • 25 Қазан, 2018
Құдамыз еді. Ата жолымен бас табаққа іліккенбіз. Бізден басқасы жетпіс-сексенді алқымдап қалған ақсақалдар, арасында заманында аудан, облыстағы әлденеше саланың екі тізгін бір шылбырын қолға ұстаған, бұл күнде жалпақ жұртқа ақыл айтып жүрген абыздар да бар.
Аймақтар • 25 Қазан, 2018
Қарағандыда қоғамдық көлік қызметінің сапасы сын көтермейді
Таяуда Қарағандының «Оңтүстік-Шығыс» деп аталатын шағын ауданына бару үшін қоғамдық көлікті пайдалануға тура келді.
Аймақтар • 25 Қазан, 2018
Түркістан облысының Төлеби ауданында егін көлемі 19 млрд 241,4 млн теңгеге жеткен
Қазан айы – молшылықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналатын, диқандар еңбегінің жемісін, табиғаттың сарқылмас сыйын көретін кез.
Таным • 25 Қазан, 2018
Қазақ халқының батыр қызы - Кәмшат Дөненбаева
Өткен жылы тал-қайыңның тоқ сары түске енген жапырағы сауылдай төгілген, жерден өнген көктің бәрін қазан ұрып, қырдың беті алашадай тозған күрең күз еді.
Өнер • 25 Қазан, 2018
«Осы фильмнен кейін не бар боламын, не жоқ боламын!»
Алыс сапарға шыққанда журналист әрдайым қызықты кездесулердің, есте қалатындай ерекше оқиғалардың куәсі болып тұрады емес пе. Міне, биыл да Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Қырғызстандағы Ош қаласында өткен «Шыңғыс Айтматов мұрасы: жаһандану дәуіріндегі ынтымақта өмір сүру» атты ІІ қазақ-қырғыз зиялыларының форумына барғанымызда Ш.Айтматов шығармаларының желісі бойынша түсірілген бірнеше фильмдерде, атап айтқанда, «Мен – Тянь-Шаньда» Хадишаның, «Ақ кемеде» Бекейдің, «Ерте келген тырналарда» Жұпардың рөлін сомдаған Қырғызстанның халық әртісі, Тоқтағұл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Назира Мамбетовамен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсе кетті.
Қазақстан • 25 Қазан, 2018
Мұзбалақ – алғырлық пен тектілік символы
«Мұзбалақ» толықметрлі анимациялық фильмі қанатын кеңге жайып, кинотеатрлардағы көрсетілімін табысты бастады. Үш жылға тарта уақыт тыңғылықты ізденістің нәтижесінде туған картинаның қыр-сырын фильм режиссерлері Тұрдыбек МАЙДАН мен Тілек ТӨЛЕУҒАЗЫДАН сұраған едік.
Аймақтар • 25 Қазан, 2018
Қарттарды қолдауға арналған айрықша жоба
Қарттарды қадірлеу қашаннан қанымызға сіңген қасиет. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында қарттар мен зейнеткерлерді қолдау әрдайым маңызды мәселе екенін баса айтып, оларға рухани-әлеуметтік көмек көрсету ісіне зор мән беріп келеді.
Қазақстан • 25 Қазан, 2018
Елорданың жаңа даму стратегиясы
Тәуелсіз еліміздің айбарлы тұғырына айналған ару Астананың төрткүл дүние түгел таныған заманауи мегаполиске айналғаны айдай ақиқат.
Қазақстан • 25 Қазан, 2018
Мұнай-химиясының мүмкіндіктері мен түйткілдері
«Мұнай өндіруші ел болғандықтан, біз мұнай өнімдерінің барлық түрін өзіміз шығаруға тиіспіз». Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осылай деген болатын. Иә, шикізат дәуірінің дәурені өтіп бара жатқаны рас. Бұрынғы иек артып үйреніп қалған секторларға сенім азайды. Сол себепті Президент экономиканы әртараптандыру мәселесін жиі көтеріп, Үкіметке осы бағытта тиісті тапсырмалар жүктеді. Ал осы экономикалық әртараптандыру үдерісін көмірсутегі секторында жүзеге асырудың жөні бөлек. Неге?