Өнер • 24 Қазан, 2018
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде жас суретшілердің халықаралық байқауы өтті. Байқауға қатысқан үздік шығармалар шоғыры музей қабырғасында салтанат құрған жас суретшілердің заманауи көрмесіне жаңа дем берді. Қылқалам шеберлерін қанаттандырған өнер жәрмеңкесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтетін жастар шығармашылығының жыл сайынғы ЖасStar халықаралық фестивалі аясында іске асып отыр.
Қазақстан • 24 Қазан, 2018
Солтүстік Қазақстан әртістері Буливар фестиваліне қатысты
С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының труппасы Бухарест қаласында өткен «Буливардағы театр фестивалі» шарасына арнайы шақыртумен қатысып, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің желісімен сахналанған «86» спектаклін қойды.
Қазақстан • 24 Қазан, 2018
Ауыл шаруашылығына жастарды көптеп тарту керек
Бүгінде әлем – технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл үдерістерге белсенді түрде қатысып келе жатқан Қазақстан өзінің алдына дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр.
Кино • 24 Қазан, 2018
«Қарлығаш ұя салғанда» сериалының тұсаукесері өтті
«Хабар» арнасының тапсырысымен түсірілген «Қарлығаш ұя салғанда» сериалының алдын ала көрсетілімі өтті.
Парламент • 24 Қазан, 2018
Аймақтар • 24 Қазан, 2018
Рудный қаласындағы мектепте пластикті өңдеу шеберханасы ашылды
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің Экология және жер қойнауын пайдалану департаментінің қолдауымен Рудныйдағы №19 орта мектепте пластикті жергілікті өңдеу шеберханасы ашылды.
Қазақстан • 24 Қазан, 2018
Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның еркін күрес шеберлері бір күміс медальмен қорытындылағанын бұған дейін де хабарлағанбыз. Ол жүлденің иегері – 57 кило салмақта белдескен Нұрислам Санаев.
Білім • 24 Қазан, 2018
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нықталып, еңсемізді тіктеген сайын кешегі Алаш үшін арпалысып өткен арыстарымыздың бағасы одан сайын артып, мәртебесі одан сайын биіктей бермек. Соның бір дәлеліндей биыл Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген болатын.
Білім • 24 Қазан, 2018
Қазақ тілінің сөз байлығын Абай мен Ахметтен асып игерген, оның әрі мен нәрін ашқан, керегіне жарата білген, бар қасиетін терең ұғына пайдаланған қаламгер бар ма деген сауалға бірден жауап таба қою оңайға соқпайды. Өйткені қазақ тілінің сөздік қорында қанша сөз барын анықтап берген жан жоқ. Күні кеше жұртшылық қолына тиген қазақ әдеби тілінің 15 томдық сөздігінде әзірге 150 мыңнан астам атау сөз бен сөз тіркесі ғана қамтылғаны айтылады. Ал кейбір ғалымдардың (Ә.Қайдар) есеп жобасына қарағанда, қазақ тілінің сөз байлығы мұнымен шектелмейді. Ол әлденеше жүз мыңдық санды мөлшерлейді.
Әлем • 24 Қазан, 2018
Астаналық спортшы армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
Түркияда армрестлингтен өткен Әлем чемпионатында Еркін Әлімжанов екі алтын жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы