Аймақтар • 13 Қазан, 2018
Тарбағатайда 4 жылдық мектептер 9 жылдыққа айналып жатыр
Тарбағатай ауданының Қытаймен шекаралас Ақжар өңірінде соңғы 4-5 жылдың көлемінде жабылуға жақын қалған 3 білім ордасы іргесін кеңейтіпті. Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Сарыөлең елді мекеніндегі төрт жылдық мектеп 9 жылдыққа, ал Жалаңаштағы бастауыш мектеп пен Ахметбұлақ ауылындағы негізгі орта мектеп өз мәртебесін мектеп-балабақша кешені деп ауыстырыпты.
Үкімет • 13 Қазан, 2018
Б. Сағынтаев Душанбеде ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Бүгін Душанбеде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы XVII отырысына қатысты. Сондай-ақ, отырыс алаңында ШЫҰ мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің үкіметтік делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.
Өнер • 12 Қазан, 2018
Астанада «Kazakhstan Kids Fashion Show-2018» шоу - көрсетілімі өтті
Бүгін Астанада балалардың өз-өзіне деген сенімділігі мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған халықаралық «Kazakhstan Kids Fashion Show-2018» шоу - көрсетілімі өтті.
Видео • 12 Қазан, 2018
«Егемен академиясында» Шыңғыс Мұқан дәріс оқыды (Видео)
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінің жас журналистерге арналған «Егемен академия» оқу-тәжірибелік жобасының екінші маусымы басталды. Алғашқы дәрісті Америкадағы Гарвард университеті, Кеннеди басқару мектебінің түлегі Шыңғыс Мұқан жүргізді.
Қазақстан • 12 Қазан, 2018
«Әзірет сұлтан» музейінде Елбасы жолдауы талқыланды
Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Бокс • 12 Қазан, 2018
Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың айқын жеңісі
Кәсіпқой бокстан АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткен қазақстандық Әли Ахмедов пен мексикалық Джовани Хавьер Гомес арасындағы жекпе-жек жерлесіміздің айқын жеңісімен аяқталды.
Әдебиет • 12 Қазан, 2018
Кемел Тоқаев атындағы сквер ашылды
Үштөбе қаласында белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған жазушы Кемел Тоқаев атындағы сквер ашылды. Абаттандырылған алаңқай жазушының туғанына 95 жыл толуына орай қолданысқа берілді.
Парламент • 12 Қазан, 2018
11-12 қазанда Парламент Сенатының бір топ депутаттары Ақмола облысында іссапармен болды. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру депутаттар сапарының негізгі мақсаты болды. Сондай-ақ, сенаторлар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясындағы өңірдегі жетістіктермен танысты, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Қазан, 2018
Қарағандыда дирижер Қанат Ахметовтің құрметіне атаулы жұлдыз қойылды
Кеншілер астанасында «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалінің шымылдығы салтанатты түрде ашылды. Осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отырған өнер байқауы 15 қазанға дейін жалғасады. Фестиваль басталмас бұрын Қарағандыдағы «Жұлдыздар аллеяда» белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Қанат Ахметовтің құрметіне атаулы жұлдыз қойылды.
Қазақстан • 12 Қазан, 2018
Өзбекстандағы вибросынақтарға Қазақстан ғылыми тұрғыда мүдделестік танытып жатыр
Өзбекстанда ірі панельді 9 қабатты үйлерге вибродинамикалық сынақтар басталды, деп хабарлайды Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының баспасөз қызметі.