Жеңіл атлетика • 20 Қыркүйек, 2018
Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы
Былтыр Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубы құрылған болатын. Клуб құрамына Лондон Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы Ольга Рыпакова, биылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Надежда Дубовицкаямен қатар, Нора Джеруто, Дэйзи Джипкемей, Каролин Кипкируй секілді кениялық желаяқтар да алынған еді. Жақында Өскеменде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы клубтың бір жылдық жұмысын қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Осы жиында клубқа жаңа мүшелер қабылданғаны жайында айтылып, клуб директоры Асхат Сейсембеков марафоншы қазақ қызы Гүлжанат Жанатбекті таныстырған-ды. Баспасөз мәслихатынан кейін шетелде жаттығуға мүмкіндік алған жеңіл атлетті әңгімеге тарттық.
Өнер • 20 Қыркүйек, 2018
Ақын Сараның 165 жылдығына арналған айтыс өтті
Биыл ақын Сара Тастанбекқызының туылғанына 165 жыл толды. Айтыс өнерінің ақтаңгері атанған халықтың қадірлі қызына деген құрмет еш кеміген емес.
Кино • 20 Қыркүйек, 2018
Кинематографияға қатысты құжат мақұлданды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар «Кинематография туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы өндіріске қабылданды.
Білім • 20 Қыркүйек, 2018
Қостанай университетінде ғалым Тобыл Дәулетбаев аудиториясы ашылды
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, ғалым, ұстаз Тобыл Дәулетбаевтың есімін есте қалдыру үшін көзі тірісінде қызмет еткен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде ғалым атындағы аудитория ашылды. Шараға оқытушылар мен студенттер, Тобыл Есләмғалиұлының әріптестері мен достары, туыстары жиналды.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018
Қуатты қорғаныс көліктеріне сұраныс бар
«Барыс», «Арлан», «Алан», «Номад»... Иә, бұл – елімізде шығарылатын әскери көліктердің атауы. Отандық өнімдер. Жай емес, қуатты әскери машиналар, оның ішінде броньды техникалар.
Медицина • 20 Қыркүйек, 2018
Жолақыны SMS немесе QR-кодтар арқылы төлеудің нәтижелері
Астана LRT қоғамдық көліктегі жол жүру ақысын төлеудің өзге жолдарын енгізудің нәтижелерімен бөлісті.
• 20 Қыркүйек, 2018
Интернеттегі шабуылдар үдеп барады
Еліміздегі мемлекеттік деңгейде қолға алынған цифрландыру шаралары ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен ұштасып жатыр. Сондықтан да Мемлекет басшысының 2017 жылғы Жолдауында қылмыстың кейбір түрлерімен күрестің өзектілігін көрсетіп, құзырлы орындарға нақты тапсырма жүктелген болатын. Соның нәтижесінде елімізде «Қазақстан киберқалқаны» бағдарламасы бекітілді.
Білім • 20 Қыркүйек, 2018
Қостанайда математикалық білім беруге арналған «дөңгелек үстел» өтті
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектептер мен жоғары оқу орындарында математикалық білім берудің проблемалары» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Оған облыстағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, әдіскерлер мен білім ордаларының оқытушылары қатысты.
Бокс • 20 Қыркүйек, 2018
Головкинге келесі кездесуде кім қарсылас болуы мүмкін?
BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварестен кейінгі қарсыласы туралы болжам жасады.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2018
Әдебиет бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығы орыс тілінде жазатын белорус қаламгері Светлана Алексиевичке бұйырды. Дәл осы сыйлықтың Алексиевичке берілуі бір-біріне қарама-қайшы көзқарастағы пікірлердің жарыса жазылуына себеп болды. Америкалық, еуропалық сыншылар, публицистер, әлеуметтанушылар, этика мамандары, философтар мен психологтар оның еңбектерін роман деңгейіндегі публицистикалық шығармалар санатына қосып, автордың өзін философиялық, психологиялық, этикалық, әлеуметтік аса күрделі мәселелерді алға шығарған озық ойлы жазушы ретінде асқақтата бағалады. Осы тұста айта кетелік, Алексиевичтің өзі болса, айналысып жүрген жанрына «сезімдер тарихы» деп анықтама берген еді.