Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қаржы • 14 Тамыз, 2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

Қазақстандықтар күнделікті өмірде қолма-қол ақшаны қолданудан бас тартып, банк картасы мен интернет-банкинг жүйесінің қызметіне кеңінен жүгінуде.

Қаржы • 14 Тамыз, 2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

Қаржы секторы Қазақстанда цифрлы технологияларды пайдалануда көшбасшы салалардың бірі. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Жанат Құрманов бас басылымға берген сұхбатында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бұл реттеуші нарықтың «диджиталдану» деңгейін одан да биік көтеретін бірқатар жобаны іске асыруға ниетті екенін әңгімеледі.

Қазақстан • 14 Тамыз, 2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

Ақын-жазушылар мен ауылдағы оқырманның арасындағы байланыс үзілген емес. Әрине бұл байланыстың негізгі дәнекері кітап екені анық. Ендігі жерде арадағы байланыс тіпті жақындай және жиілей түспек.

Әдебиет • 14 Тамыз, 2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

Қаншама жыл қатар жүріп, қызметтес болып, бір есіктен кіріп, бір есіктен шығып етене араласып кеткен қаламдастарыңның арасынан да туған туысыңдай аңсап, сағынып тұратын әріптестерің кездесіп қалады ғой. Міне, сондай атпал азаматтардың  бірі де  бірегейі,  журналист-жазушы Бекболат Әдетов «Егемен Қазақстан» газеті ұжымындағы ең беделді де белсенді қызметкер болды. Ол мұндай құрметке өзінің адал да қажырлы еңбегі мен көл-көсір білімінің арқасында жеткені мәлім.

Саясат • 14 Тамыз, 2018

Бес елдің мөрімен бекітілген құжат

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер басшыларының қол қоятынына күмән аз болғанымен, қол қою рәсіміне дейін оған түзетулер енгізіліп қала ма деген күдік болғаны рас. Құжаттың толық мәтіні мен бөлімдері алдын ала келісілді. Барлық мемлекеттің мүдделерін назарға ала отырып, бес елдің сыртқы саяси құрылымдары табанды түрде мұқият жұмыс істеп, Каспийдің ерекше құқықтық мәртебесін тараптардың көңі­лінен шығатындай етіп айқындап шықты.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2018

Курчатовта төрт жолақты бассейн салынады

Биыл Курчатов қаласында демеушілердің көмегімен бассейн салынады. 

Қазақстан • 14 Тамыз, 2018

Инженерия үздіктері анықталды

Таяуда Назарбаев Университетте халықаралық The IET PATW 2018 ғылыми презентациялар жарысы өтті. Оған Франция, Ирландия, Швейцария, Чехия, Грекия, Кипр, Мальта, Бахрейн, Оман, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иордания, Пәкістан, Гана, Нигерия, Египет, Маврикий және Қазақстаннан 20 қатысушы қатысып, өзара бақ сынады.

Әлем • 14 Тамыз, 2018

Ақтау саммиті әлем назарында

Ақтау саммитіндегі Каспий маңы мемлекеттерінің тарихи келісімі жайында дүйсенбі күні әлемнің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. «Каспий бестігінің» ортақ мәмілеге келуіне байланысты сарапшылардың да пікірлері жариялануда. Осыдан-ақ бірегей теңіздің құқықтық мәртебесінің айқындалуына күллі әлемнің назары ауғандығын аңғаруға болады. Атап өтерлігі, шетелдік БАҚ негізінен Каспий теңізіндегі қауіпсіздік, мұнай мен бекіре қорына баса мән берген. 

Әлем • 14 Тамыз, 2018

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ауысуы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні өз әкімшілігіндегі тірек лауазымдарға жаңа қызметкерлер келетіні туралы мәлімдеді. Соның ішінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне Уильям Мозердің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Медицина • 14 Тамыз, 2018

Зейнетақымен қамсыздандыру заманға икемді ме?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында әлем үдерісімен бірге еліміз де технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап өтті. Президент өз сөзінде «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде» деген болатын. Мемлекет басшысы осыған орай бірқатар құзыретті органдарға тапсырмалар жүктеді. Аталған міндеттер өз кезегінде әр салада біртіндеп жүзеге асып келеді. Соның ішінде зейнетақы жүйесінің оңтайландырылуында оң істер баршылық.