ара
Қазақстан • 22 Қараша, 2022
Ақпараттық-талдау орталығына А.Байтұрсынұлының есімі беріледі
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ақпараттық-талдау орталығының» атауы «А. Байтұрсынұлы атындағы Білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ деп аталатын болды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қараша, 2022
Президент Қарағанды экономикасын дамытуды тапсырды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңір дамуының негізгі көрсеткіштері жайлы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Коронавирус • 21 Қараша, 2022
Сайлау күні қанша адамнан коронавирус анықталды?
Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 38 адам коронавирус індетін жұқтырған. Ауру белгісі бар 2 адамның ПТР нәтижесі теріс, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Халықаралық бақылаушылар есеп берді
Алматы қаласы бойынша ҚР Президентінің сайлауын жариялау жөніндегі баспасөз орталығының алаңында сайлау процесін бақылау мәселесі бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Қарағанды облысында 102 жастағы әжей дауыс берді
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Ақтерек ауылының тұрғыны, 102 жастағы кейуана кезектен тыс президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Қарағандыда жас жұбайлар дауыс беруге келді
Бүгін ғана некелерін қидырған Кәрібай Алтынбек пен Гүлбаршын Әлімханова Қарағандының №82 сайлау учаскесінде дауыс беруге келді, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Сайлау процесі халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр – Ласло Ваша
Венгрия Сыртқы істер және сауда институтының аға ғылыми қызметкері, бас кеңесші доктор Ласло Ваша сайлау туралы пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Қарағанды облысында 90 жастан асқан 2 мыңдай сайлаушы бар
Қарағанды облысында 642 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:-00-де жұмысын бастады. Онда шамамен 768 мың адам дауыс беруі тиіс. Сайлаушылардың арасында бірінші рет дауыс дауыс берушілердің саны 6 мыңнан асып жығылады. Ал ең егде дауыс берушілер, яғни, 90 жастан асқан сайлаушылар қатары 2 мыңға жуық. Сондай-ақ, 2500 жуық тәуелсіз байқаушы қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Қараша, 2022
Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірде ескерту жариялады. Мамандардың айтуынша, 20 қарашада ауа райы күрт бұзылады, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 19 Қараша, 2022
Коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай өсті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсткен. Өткен тәуліктің өзінде 94 адам індет жұқтырса, 13 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2022
Алматы полицейлері төлем аппаратын ұрлаған күдіктіні анықтады
Іле ауданы ПБ Кезекші бөліміне Жетіген ауылының 33 жастағы тұрғыны дүкен сөресінен төлем аппаратын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау жайында жазбаша арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әдебиет • 18 Қараша, 2022
Абайдың «Қара сөздері» норвег тіліне аударылды
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада норвегиялық ғалым, Ослодағы бейбітшілікті зерттеу институтының (Prio) профессоры, Абай Құнанбайұлы «Қара сөздерінің» норвег тіліндегі аудармасының редакторы Осхильд Кюлостың қатысуымен дөңгелек үстел өтті деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2022
Катонқарағай тұрғыны омартада бір килограмнан астам марихуана сақтаған
«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрел ауылы ҚМШЖ бастығының орынбасарымен және Катонқарағай ауданының полицейлерімен бірлесіп есірткі сақтады деген күдікпен Барлық ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Қараша, 2022
«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Үздік педагог-2022» республикалық байқауында 64 мұғалім жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Қараша, 2022
Қызмет барысындағы ерлігі үшін елордалық өрт сөндірушілер марапатталды
Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Қараша, 2022
Қарағандыда 1000-ға жуық адам эвакуацияланды
Қарағанды облысында жүк вагондары рельстен шығып 1000-ға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Қараша, 2022
Қазақстанда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды
Бүгін Қарағандыда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қараша, 2022
Қарағанды облысында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Қарағанды облысы Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 17 Қараша, 2022
Коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 72 адам коронавирус жұқтырған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Қараша, 2022
Оңал Бекиев ІІМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
Министр Марат Ахметжанов басқарушы құрамға Ішкі істер министрлігі аппаратының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық порталы жазды.
Аймақтар • 16 Қараша, 2022
Үйінде қару сақтаған Абай облысының тұрғыны ұсталды
Абай облысы Жарма ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қараша, 2022
Қазақстанда жаңа төсбелгілер пайда болды
Үкіметтің 2022 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен Үкімет құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдарды ведомстволық наградалармен марапаттау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2022
Президент Алматы қаласының бірқатар азаматын марапаттады
Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы қаласының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қараша, 2022
Арандатушылардың саяси болашағы жоқ - Президент
Мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесуде қаңтар оқиғасы кезінде жағдайды одан әрі ушықтырған арандатушылар жайында айтты, деп хабарлайды
Әлем • 16 Қараша, 2022
Хорватия Шенген аймағына кіреді
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Хорватия Шенген аймағына қосылады. Енді мемлекет Солтүстік көршілерімен - Словения мен Венгриямен шекара бақылауын жояды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Коронавирус • 16 Қараша, 2022
Бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 60 адам анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 15 Қараша, 2022
«Бурабайда» қарағай бүрін жинау маусымы басталды
Бүгін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлері қарағай бүрін жинауға кірісті. Қыс мезгілінде орманшылар оны кептіріп, тұқымын алады. Көктемде оны тәлімбаққа егіп, көшеттерін өсіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2022
Қарағандыда ірі қарадан қауіпті ауру анықталды
Қарағанды облысында ірі қара жануардан эмфизематозды карбункул ауруы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Елдала басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Қараша, 2022
Қарағанды-Балқаш автожолының реконструкциясы қашан аяқталады
Қарағанды – Балқаш тас жолын қалпына келтіру 2023 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қараша, 2022
Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған
Тараз қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі әріптесінен озып кету үшін жолдың қарсы бағытына шығып кеткен, деп хабарлады Egemen.kz.