Тұрғын үй
Қоғам • 28 Шілде, 2020
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаты берілуде
2019 жылдың шілдесінен бастап жылдығы 2%-бен "Бақытты отбасы" жеңілдікті ипотекалық несиелендіру бағдарламасы іске қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Тұрғынның ауласынан 30 келіге жуық сора табылды
Түркістан облысының полицейлері "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тұрғынның ауласынан 30 келіге жуық сора тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады
Биыл елордада 8 мың әлеуметтік тұрғын үй салынады. Шілде айында кезекте тұрған 1200 қала тұрғыны баспана кілтін алады. Олар: тұрмысы төмен азаматтар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Шымкент қаласының әкімі уәдесін орындады
Шымкент қаласында 1 шілде күні "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары баспана бойынша мəселе көтерген болатын. Қала басшысы М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген еді. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, бүгін салымшылар қуанышқа кенелді, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 29 Маусым, 2020
Атырау облысында соңғы 5 айда 1467 тұрғын үй пайдалануға берілді
Қазір Атырау облысында пәтер кезегінде 28 мыңнан астам тұрғын тұр. Биыл солардың 7 мыңға жуығының баспана мәселесі шешіледі, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Ақмолада тұрғын үйге 24,7 млрд теңге инвестиция салынды
Ақмола облысында биылғы 5 айда тұрғын үй құрылысына 24,7 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 18 Маусым, 2020
Соңғы 5 айда 33 479 үй пайдалануға берілді
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша жалпы ауданы 4,1 млн шаршы метр немесе 33 479 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 209 жеке үй. Аталған кезеңде жеке меншік есебінен жалпы ауданы 3,8 млн шаршы метр баспана салынды, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Су басқан Өргебас ауылында құрылыс қалай жүріп жатыр?
Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендегі 195 үйдің 184-і 17 млн теңге өтемақыны алу үшін келісімшартқа тұрған. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 11 Маусым, 2020
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 9 маусымында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.