Ұлттық бан
Экономика • 07 Маусым, 2021
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жасады
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдыруды ұйғарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Маусым, 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімсіз айырбастауға болады
Халықтың көптеген өтініші негізінде, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2021
Ерболат Досаев Мемлекет басшысына инфляцияның неге үдеп кеткенін түсіндірді
Мемлекет басшысына биылғы қаңтар-мамыр айларындағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары және әлемдегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі жөнінде, инфляцияның өсуі мен инфляциялық болжамдар аясында орталық банктердің бейтарап ақша-несие саясатына көшуі туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Маусым, 2021
Ұлттық Банк қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық Банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2021
Қазақстандықтар бір айда 100 келіге жуық алтын сатып алған
2021 жылдың сәуір айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг 2 767 құйма сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 12 Мамыр, 2021
Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында елімізде цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 05 Мамыр, 2021
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Пәкістан Ұлттық Банкі» АҚ-ны ерікті түрде таратуға рұқсат берді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2021
Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі 5 мамырдан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL және Қазақстанның флорасы мен фаунасы монеталар сериясынан TORAŃǴY коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлайды.
Экономика • 27 Сәуір, 2021
Коллекциялық монеталардың бағасы неге тұрақты емес?
Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов коллекциялық монеталардың бағасы неге бірдей емес екенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2021
Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады
Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Сәуір, 2021
Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі жаңа жүйе туралы айтты
Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов Galymzhan жүйесі, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Наурыз, 2021
Jeti Qazyna коллекциялық монеталары сатылымға шығарылады
31 наурыздан бастап Ұлттық Банк «Дала қазынасы» сериясынан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Наурыз, 2021
Ұлттық банк банкноттардың жаңартылуы туралы жоспарымен бөлісті
Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім белгілеуге байланысты жоспарларымен таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2020
2020 жылдың қортындысы шығарылды
Ұлттық банк ұсынған деректерге сүйене отырып, 2020 жылғы қарашадағы қаржы нарығындағы ахуал туралы Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 03 Желтоқсан, 2020
Президент Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Қараша, 2020
Ұлттық банк теңгенің нығаюының себептерін түсіндірді
Теңге қыркүйектен бастап алғаш рет АҚШ долларына қатысты 422,87 теңгеге дейін нығайды. Тиісті курс Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша қалыптасты. Алдыңғы күнмен салыстырғанда теңге 1,79 теңгеге нығайды, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 13 Қазан, 2020
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Қазан, 2020
Ұлттық банк басшысы теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен доллар құнының өсу себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 09 Қазан, 2020
2006 жылғы үлгідегі кей банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналыстан алудың төрт жылдық кезеңі аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Қазан, 2020
Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың қыркүйек айында валюта нарығында болған құбылмалы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 15 Қыркүйек, 2020
Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 09 Қыркүйек, 2020
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша банк жүйесін дамытудың негізгі нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Қыркүйек, 2020
Ұлттық банк басшысының кеңесшісі тағайындалды
Экономист Олжас Төлеуов Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
"Сиыр жылы" коллекциялық монеталары шығады
Қазақстан Ұлттық Банкі бүгін номиналы 500 теңгелік алтын мен күмістен "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Сиыр жылы" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 31 Тамыз, 2020
Банктердегі депозиттерге 20 триллион теңге орналастырылды
Жақында Ұлттық банк депозиттердегі салым мөлшері туралы мәліметтерді жаңартты. Шілде айының соңындағы көрсеткіштер бойынша резиденттердің депозиттік мекемелердегі депозиттерінің көлемі 2020 жылдың шілде айының соңында бір айда 4,1% -ға ұлғайып, 20 685,4 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 5,2% -ға, 10 702,8 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 3,0% -ға, 9 982,6 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Egemen.kz газетіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 19 Тамыз, 2020
Ұлттық банк алтын сатып алу жоспарлары туралы айтты
Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шамамен 60 тонна тазартылған алтын құймасын сатып ала алады. 2020 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің алтынвалюта резервіндегі алтын портфолиосы шамамен 382 тоннаны немесе $ 25 млрд құрады. Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің алдын-ала мәліметтері бойынша, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде 16-шы орында. Бұл жаңалық емес, әлемдік қаржы жүйесі кез келген уақытта қаржы секторы мен экономикасының қуатын арттыру үшін осындай қадамға барады. Сондықтан әлемдік қаржы реттеуіштерінің ізімен Ұлттық банк алтын қорын ұлғайтуды жалғастырып жатыр, - деп жазады Egemen.kz. Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламалар • 11 Тамыз, 2020
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банікінің төрағасы Ерболат Досаев ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 20 Шілде, 2020
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 9% дейін төмендетті
Сонымен бір мезгілде пайыздық дәлізді +/- 1,5 п.т. дейін төмендеді. Базалық мөлшерлеме туралы келесі шешім 2020 жылдың 7 қыркүйегінде жарияланады. "Ұлттық банк өтімділікті қамтамасыз ету үшін тұрақты қол жетімділік операциялары бойынша ставка 10,5%, ал өтімділікті алуға арналған қол жетімді операциялар бойынша ставка 7,5% құрайды деп атап өтті", - деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банк таратқан деректерге сілтеме жасап.