ас
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені ұрлаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Президент Ресейдің шекаралас қалаларында қазақ мектептерінің ашылуына мүдделі
Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі» мақаласында білім саласындағы ынтымықтастық туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2024
Третьяков галереясы мен Эрмитажда Қазақстан көрмелері өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланған мақаласында көрші елмен Қазақстанның мәдени-гуманитарлық байланыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Астана саммиті аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайтады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Известия» газетінде жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2024
Владимир Путинмен жиі хабарласып тұрамыз - Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Известия» газетінде көлемді мақаласы жарияланды. Президент өз мақаласында екі ел арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Владимир Путин екі елдің қарым-қатынасы туралы мақала жариялады
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапары аясында «Казахстанская правда» газетіне көлемді мақаласын жариялады. РФ Президенті өз мақаласында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен алға қойған ортақ саяси жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығы шын мәнінде одақтастық сипатта – В.Путин
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапары аясында еліміздің беделді басылымдарының бірі - «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 26 Қараша, 2024
Астанада құны бір бөлмелі пәтерге тең болатын сағат ұрланды
Астана қаласында құны 22,3 млн теңге болатын Breguet Classique grande Complication сағатын ұрлаған екі адам сотталды. Жалпы құны 36,1 млн теңге болатын бес сағат қолды болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 26 Қараша, 2024
Мектептердің жаңа көшбасшы-басқарушылары дайындалып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби даярлау жөніндегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны 2,5 есеге көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Қараша, 2024
Мәулен Әшімбаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Португалия Республикасына сапары аясында БҰҰ Өркениеттер альянсының 10-шы Жаһандық форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Қараша, 2024
Қазыналы қариялар редакцияда қонақта
Психологтардың айтуынша, құрметті демалыстан кейінгі уақыт – адамның өзі үшін өмір сүретін ең әдемі кезеңі. Қызмет бабымен жүріп екінші, бәлкім үшінші, төртінші орынға ысырылып қалған арман-қиялдарын адам зейнетке шыққаннан кейін жоғалтпай жүзеге асыра алса – ол өмірі мағыналы нағыз бақытты адам. Сөзімізге дәлел ретінде Астана қаласында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» аталары мен әжелерін айтуға болады. Күні кеше осы қазыналы қариялар «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына қонаққа келіп, журналистермен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Кездесуді «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары Қамбар Ахмет жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Цифрлық даму министрлігі 1 млн адамды жасанды интеллект технологиясына оқытады
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықты жасанды интеллект технологияларына оқыту жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Еліміздегі 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев тасымалдау динамикасы мен инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Қараша, 2024
Павлодар облысы спорт басқармасына жаңа басшы келді
Облыс әкімінің өкімімен Азамат Имашев Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Астанада студенттер екі күнге қашықтықтан оқытуға көшіріледі
27-28 қарашада Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына байланысты кейбір студенттер онлайн оқытуға көшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Алматы облысында Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ұйымдастырған жігіттер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 26 Қараша, 2024
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тілінде жарық көрді
Түркияның Анкара қаласында орналасқан президенттік ұлттық кітапханада «Turktav» түркі тарихы және мәдениеті қоры, «KÖK TUĞ» қазақ мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» еңбегі «Kazak aile folkloru» атауымен түрік тілінде жарық көрді.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Түркістан облысының бас ветеринары сотталды
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б.Бегманов сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 25 Қараша, 2024
Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі ЕҰУ студенттеріне дәріс оқыды
Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, оңалту және пробация жөніндегі лордтар спикері Майк Герман Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2024
Талғар әкімі лауазымына үміткерлер іріктелді
Аумақтық сайлау комиссиясы Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі лауазымына кандидаттарды тіркеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 25 Қараша, 2024
Майдангер ғасырлық мерейтойын атап өтті
Екінші дүниежүзілік соғысының майдангері және еңбек ардагері, Алматының Медеу ауданының құрметті тұрғыны Виктор Карпович Изюмников өзінің 100-ге толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қараша, 2024
Индонезияда су тасқынынан 13 адам көз жұмды
Индонезияның Солтүстік Суматра провинциясында екі ауданды басып өткен лай көшкіні мен су тасқыны салдарынан 13 адам көз жұмып, 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 25 Қараша, 2024
Мектеп оқушысы құқықтық сауаттылықты арттыратын ойын жасап шығарды
Абай облысына қарасты Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрәли Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Светлана Жақыпованы қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 25 Қараша, 2024
ТОП-10: Әлемнің ең бай адамдары кім
Bloomberg агенттігі жариялаған «Миллиардерлер индексіне» (Bloomberg Billionaires Index) сәйкес Илон Маск өзінің 2021 жылғы рекордын жаңартып, кезекті рет әлемдегі ең бай адам атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Қараша, 2024
Астанада LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды
LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды. Бұл туралы CTS ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2024
Атырауда мал базарының қызметкерінен сібір жарасы анықталды
Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің хабарлауынша, 20 қарашада «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою пункті аумағына карантин енгізілген. Бұған өлі сиырдан сібір жарасы белгілерінің анықталуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Қараша, 2024
Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алға аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Асланбек Серікұлы Шүйіншалиев Алға ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 25 Қараша, 2024
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 57-пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент Палаталарының төрағалары қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.