Соңғы жаңалықтар
Шымкент • 18 Желтоқсан, 2025
Жедел жәрдем қызметі автокөлік қорын жаңартты
Шымкент қаласында медициналық жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөлік кілттері табысталды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, денсаулық сақтау саласындағы жедел жәрдем қызметінің рөлін атап өтті.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Қазіргі жаһандық бәсеке дәуірінде ғылым мен технологияның дамуы елдің экономикалық қуаты мен халықаралық беделінің басты көрсеткішіне айналып отыр. Әсіресе жасанды интеллект пен роботтехника саласындағы серпінді өзгерістер мемлекеттер арасындағы даму қарқынын қайта айқындады. Осындай отандық жаңашыл бастамалардың алдыңғы шебінде тұрған өңірлердің бірі – Қарағанды облысы. Кеншілер өңірі кейінгі жылдары роботтехника бағытында еліміз бойынша көш бастап келеді.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылы қаңтар-қараша айларындағы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндап, журналистер сауалына жауап берді.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Ұялы операторларда ұят бар ма?
Жақында әлеуметтік желі қолданушылары ұялы операторлардан тариф құны өсетіні туралы хабарлама келе бастағанын айтып, бағаның негізсіз өзгеретініне шағымданды. Пайдаланушылар интернет сапасына қарамастан, төлем ақысы жылына бірнеше рет көтерілетінін жазған. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов осы мәселені қозғап, депутаттық сауал жолдады. Ол сауалында үш ірі оператордың тарифтерді бір уақытта, бірдей қымбаттатуы күмәнді екенін айтып, жеткізу, тарату секторларын монополиялық келісім фактілері бағытында кешенді тексеру жүргізу қажет деді.
Саясат • 18 Желтоқсан, 2025
Дәрігерлер қауіпсіздігіне кепілдік беретін заң қабылданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар халықаралық келісімді ратификациялау туралы екі заңды қабылдап, Қылмыстық кодекске және Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізген заң жобаларын қарады. Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
«Қарызсыз қоғам» жобасының шапағаты
Қазақ қоғамы кейінгі онжылдықта түрлі несие шырмауына тәуелді болып қалды десек, артық айтқандық емес. Тұрғын үй, автокөлік, дәстүрлі той-томалақ тұрмақ, тұрмыстық техникадан бастап, киім-кешек, азық-түлікке дейін несиеге алу қалыпты өмір салтына айналды. Алайда бұл «қалыптылықтың» артында 8,5 миллионға жуық экономикалық белсенді халықтың қарызға батуы, оның ішінде 1,5 миллионнан астам адамның төлем мерзімін 90 күннен асырып алуы сияқты келеңсіз статистика тұр.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Инвестициялық келісімге қол қойылды
Қызылорда облысында 44 млрд теңгеден астам сомаға заманауи санитарлық-техникалық өнімді өндіру мен құрастыру зауытын салуға арналған инвестициялар туралы келісім жасалды.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Биылғы жыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі. Тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырған облыстық айтыс осы тақырыпқа арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 18 Желтоқсан, 2025
Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: «Рәміз» бен «нышан» – түрлі деңгейдегі белгілік категориясы
Бүгінгі қазақ тілінде «рәміз» бен «нышан» түрлі салада синоним сөздер ретінде қатар қолданылып келеді. Мысалы, «мемлекеттік рәмізді» кейде «мемлекеттік нышан» деп те жататынымыз белгілі. Алайда геральдика саласы мамандарының айтуынша, бұл қате, өйткені екі сөз – мағыналас болғанымен, семиотикалық жүйеде әртүрлі деңгейдегі белгілік категорияларды білдіретін ұғымдар. Рәміз және нышанның семантикалық мазмұны мен прагматикалық қолдану аясын ажырата талдау қазіргі қазақ тілінің терминологиясын жүйелеудегі маңызды міндеттің бірі екен. Осы орайда біз геральдист ғалым Айдын Рысбекұлын әңгімеге тартып, мәселенің ақ-қарасын айқындауды сұраған едік.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Белсенділер біліктілігін арттырды
Маңғыстаулық белсенділер «Көшбасшылар керуені» жобасы аясында Астанаға келді. Олар үш күн бойы елордадағы мемлекеттік органдардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Study tour» негізінде өңірдің дамуына қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Өнер • 18 Желтоқсан, 2025
Мәңгілік құндылықты қастерлеген
Әлемнің жарығын сыйлаған аяулы анаға деген құрмет қашанда заңғар таудай. Ананың мейірімі мен жан жылуы тіршілікке нәр беріп, ұлтын сүйер ұрпақ өсіріп, ата-баба дәстүрін жалғастырып, отбасы құндылығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқаны Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінде өткен «Тұғыры тамырлы – Тәуелсіздік» атты мәдени іс-шараға арқау болды.
Жастар • 18 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік алғаннан бергі 34 жыл – еңсесін енді тіктеген мемлекеттің тарихи белесі ғана емес, ұлттың жаңа болмысы қалыптасқан кезең. Осы уақыт ширегінде есейген буын – кеңестік жүйенің салмағын сезінбеген, жаһандық трендпен біте қайнасқан, цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін еркін қабылдаған жастар. Бүгінде олар түрлі салада еңбек етіп, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени тынысына жаңаша серпін беріп жүр.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол
Танымал жазушы, сыншы, ғалым Нұрдәулет Ақыш мерейлі жасқа шықты. Осы орайда қаламгердің сөз өнеріне арнаған өмірі мен шығармашылығы баспасөзде жан-жақты талдануы – табиғи заңдылық. Біз бүгін Нұрдәулет Ақыштың кісілік қасиеттері мен шығармашылық ерекшеліктері жөнінде сөз қозғамақпыз.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Бизнес жауапкершілік алса... Ақмола облысындағы жаңа зауыт ауыл өмірін қалай өзгертеді?
Осыдан бір жыл бұрын ғана Ақмола облысындағы Ақбейіт ауылында қараусыз қалған шахта тұрған еді, ал маңайдағы елді мекен тұрғындары ондаған жыл бойы тұрақты жұмыссыз өмір сүріп келді. Бүгінде мұнда Сингапурдан тартылған жеке шетелдік инвестициялар есебінен салынған Aina Resources компаниясының жаңа зауыты іске қосылуда.
Руханият • 18 Желтоқсан, 2025
Қазақ ойшылы Америкаға қалай танылды?
Бір сәт алып ағаштың сансыз жапырағын тербеп тұрған желдің қаншалықты қуатты екенін ойлап көріңізші. Ал ғұмырлық мұратты, маңдайдан басқан маңғаз ұйқыны, қалғыған қоғамды оятуға да соншалықты күш керек. Біздің қазақ қоғамына ол күш Абай Құнанбайұлы болды.
Өшпес даңқ • 18 Желтоқсан, 2025
Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер
Екінші дүниежүзілік соғыста бейбіт өмір жолында қасіретті қырғынның от-жалынын кешкен ержүрек жауынгерлердің бірі – Нұртай Әлиманов.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қараша айлары аралығындағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.
Субсидия • 18 Желтоқсан, 2025
Субсидияның қайтарымы бола ма?
Ертіс бойының фермерлері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытқаны үшін мемлекеттен былтыр 7,2 млрд, биыл 7,7 млрд теңге субсидия алған. Өңір халқы миллиардтаған қаражаттың қайтарымын қаншалықты сезіне алып отыр?
Білім • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты биылғы тамыз конференциясында қазір – білім мен ғылымның заманы екенін ерекше айтқан еді.
Өшпес даңқ • 18 Желтоқсан, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жас ғұмырын қиған жауынгерлердің рухына тағзым ету – парыз. Бүгінгі ұрпақ ерен ерлердің көкірегіндегі перзенттік махаббаттың пайымын түсінсе, сабақ болар еді.
Білім • 18 Желтоқсан, 2025
Мектепке дейінгі білім мен тәрбие сапасы қандай?
Республикадағы 12 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйымда 1 млн-нан аса бала тәрбиеленіп жатыр. Осы балаларды 103 мың педагог оқытып жүр. Олардың бәрі білікті ме? Үйдегі кішкентайын түрлі себепке байланысты балабақшаға бермейтіндер бар. Мұндай балақайларды мектепке қалай дайындауға болады? Осы және өзге де сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында жауап берілді.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
«Ауру – астан» демекші, бүгінде тағам қауіпсіздігі – қоғамды үнемі алаңдатып тұрған мәселе. Сапасыз өнімдерден туындайтын тағамдық уланулар мен ішек инфекциялары жылдан-жылға көбейіп, халықтың денсаулығына қауіп төндіріп отыр.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Түркістан қаласындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №32 жалпы орта мектебінде оқушылардың ойлау қабілеті мен логикалық дағдыларын дамыту бағытында жаңа бастама қолға алынды.
Мәселе • 18 Желтоқсан, 2025
«Қаралма» тағдыры қашан шешіледі?
Көне Тараз өңірінде күн тәртібінен түспей, түпкілікті шешімін таппай келе жатқан күлбілтелі мәселенің бірі – «Қаралма» тау-шаңғы кешені. Кезінде «Жамбылдың өз Шымбұлағы болады, «Қаралма» тау-шаңғы кешені салынады, жұрт осы жаққа ағылады», деп ұрандатып еді. Жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек те «Қаралмаға» қатысты сүйінші хабар жеткізген. Алайда сол кездегі сүйініш қазір күйінішке айналып кеткендей. Өйткені сөз бен істе үйлесім жоқ.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Көпсалалы кешен пайдалануға берілді
Шекараға жақын жатқан әйгілі Лепсі ауылында жаңа көпсалалы спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді. Бұл ауыл жастарының ғана емес, шалғай елді мекендерде тұратын мыңдаған халықтың тілегі еді. Бұған дейін алыстағы ағайынды әбігерге түсірген ауызсу мен жол мәселесі де шешілді.
Егемен Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2025
Ғасырдан аса уақыт халқымен бірге жасасып, елдің қуанышында да, қайғысында да тіршілік қазанында бірге қайнаған ұлт үнпарағы – «Egemen Qazaqstan» газетінің жарық көре бастағанына 106 жыл толды.
Ғалам ғажаптары • 18 Желтоқсан, 2025
«Pantone Color Institute» 2026 жылдың басты түсі ретінде «Cloud Dancer» деп аталатын ақшыл, «ауадай жеңіл» реңкті жариялады. Бұл – көзді шаршатпайтын, жұмсақ ақ түс тыныштықтың белгісі ретінде ұсынылып отыр.
Ғалам ғажаптары • 18 Желтоқсан, 2025
Америкалық психиатр Рами Камински психологияға «отроверт» терминін ұсынды. Бұл атау классикалық интроверт пен экстраверттің арасындағы, өзіндік ерекшелігі бар жеке типке жататын адамдарды сипаттайды.
Тағзым • 18 Желтоқсан, 2025
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өшпес із қалдырған көрнекті жазушы, күйші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың 70 жылдығына орай Астанадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцертте» «Талтүстегі қоңыр күй» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Лебіздер легі: Жауапкершілік жүгі
Энергетика саласы – экономиканың күретамыры. Жарық пен жылуды үздіксіз жеткізіп отырған энергетиктер елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасына тікелей үлес қосып келеді. Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да олар тәулік бойы тынымсыз еңбек етеді.