Ар
Бокс • 24 Ақпан, 2025
«Странджа кубогі»: Боксшылардың қарсыластары анықталды
Бүгін Болгария астанасы Софияда кіші әлем чемпионатына баланған «Странджа кубогі» басталады. Финалдық бәсекелер 2 наурызға жоспарланған сында әлемнің үздік боксшылары жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 23 Ақпан, 2025
Бір топ еңбек иелеріне құрмет көрсетіліп, марапатталды
Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелеріне әрекетіне сай құрмет көрсетілуі қажет екенін атап өткен болатын.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2025
Қостанай облысында қар құрсауында қалған 100 шақты адам құтқарылды
Ақпанның 22-сінен 23-іне қараған түні төтенше жағдайлар қызметі Қостанай облысы, Амангелді ауданының Амантоғай ауылынан 22 шақырым жердегі Әулиекөл-Жалдама автожолының жабық учаскесінде 98 адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2025
Cәбиге мейірімін төккен неоанатолог дәрігер марапатталды
Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс жұртшылықтың жүрегін елжіретті. Қол басындай ғана құйтақандай шақалақты еркелетіп, бар мейірімін төгіп, ойнатқан неонатолог дәрігердің әрекетіне сай бөбек те күлімсіреп, балдай тәтті қылығымен «жауап беріп» жатты.
Президент • 22 Ақпан, 2025
Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудты және осы елдің Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салманды Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 21 Ақпан, 2025
Мысыр перғауынының мазары табылды
Археологтар Мысыр перғауынының жаңа мазарын тапты. Бұл кейінгі 100 жылда болмаған жағдай. Соңғы рет мамандар 1923 жылы Тутанхамон перғауынның мазарын тапқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Ақпан, 2025
«Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды
Қарағандыда алғаш рет «Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Қарағанды облысының Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен өткізілген байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған.
Қаржы • 21 Ақпан, 2025
Жаңа үлгідегі 1000 теңгелік банкнот айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының кезекті отырысында жаңа дизайндағы 1 000 теңгелік банкнота айналымға қашан шығарылатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 21 Ақпан, 2025
«Странджа кубогінде» жұдырықтасатын боксшылар анықталды
22 ақпан - 3 наурыз аралығында Болгарияда кіші әлем чемпионатымен пара-пар «Странджа кубогі» басталады. Халықаралық былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде еліміздің намысын қорғайтын спортшылар іріктелді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Ақпан, 2025
Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландырады
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Ақпан, 2025
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 21 Ақпан, 2025
600-ден астам алматылық оқушы халықаралық жүлде алған
Былтыр 600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Ақпан, 2025
Сирияда жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты
Сирияның солтүстігінде Алеппо провинциясындағы Нейраб қаласында оқ-дәрі жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Ақпан, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 21 Ақпан, 2025
Екі облыс аумағында автожол бөліктері жабылды
Шектеулер – ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Ақпан, 2025
Ақтөбе колледжі директоры 108 студенттен 500 мың теңге жинаған
Ақтөбе қаласының №2 соты «ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің» директоры Гүлбану Тәкішеваны коммерциялық пара алғаны үшін кінәлі деп таныды.
Білім • 20 Ақпан, 2025
Мектепке ішіп барып, оқушыға қол көтерген күзетші жұмыстан қуылды
Павлодарда жұмысқа ішімдік ішіп келіп, 6-сынып оқушысын кеудесінен ұрып жіберген мектеп күзетшісінің әрекетіне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Атырау облысында 54 ауыл ішімдіктен бас тартты
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тұрғындары ішімдік ішпейтін ауылдар 7 ауданда орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 20 Ақпан, 2025
Елордада «Көктемнің оянуы» атты картиналар көрмесі өтті
Бүгін Астанада «Ауыл» партиясы мен қала әкімдігі бірлесіп Наурыз мерекесіне және «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай картиналар көрмесін ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Ақпан, 2025
Марана әуежайының үстінде екі ұшақ соқтығысты
Әуедегі ұшақтардың соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Ақпан, 2025
Президент кеніштердегі еңбек қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
Былтыр өңірлерде 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылған
Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Премьер-министрге холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қолданыстағы құралдар шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша 2024 жылғы инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Бұл шабуыл халықаралық консорциумға жасалған соққы - Марат Башимов
Мәжіліс депутаты Марат Башимов украиналық ұшқышсыз ұшақтардың Каспий құбыр консорциумы (КҚК) станциясына жасаған шабуылына қатысты пікірін білдіріп, мұны «еліміздің мүдделеріне қарсы ашық және тікелей шабуыл» деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 20 Ақпан, 2025
Ардагерлер жұмысшы мамандығын насихаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің Сәтбаев филиалы жастармен кездесу өткізді.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Катонқарағайда жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді
Бұл туралы редакцияның арнайы жолдаған сауалына жауап хатта айтылған. Аудандағы жұмыс уақытын 1 сағатқа кері шегеру бағытындағы істер желтоқсан айында басталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Ұлытаудағы апат: кеніште опырылу болмаған
«Қазақмыс» корпорациясы жеті кенші қаза тапқан апат орнында опырылудың болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Ақпан, 2025
Биткоинға арналған ETF дегеніміз не
2020 жылдардан бастап әлемдік биржалардың ірі ойыншылары арасында қорқыныш пайда болды. Олар белгісіздікпен бетпе -бет қалды. Жылдың екінші жартысында нарық эйфорияның қысымында болды. Биржаларда көпіршіктер пайда бола бастағанда ETF (Exchange Traded Funds) немесе биржалық қорға инвестиция салу туралы ұсыныстар батыл айтыла бастады. Сарапшылар ETF-ті портфель кеңдігі мен диверсификацияны біріктірген идеал құрал деп қарастырады. Бұл процесстер акция түрінде биржада саудалай алатын қорда жүзеге асырылады.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
Павлодар мектебінде мас күзетші оқушыға жұдырық жұмсаған
Павлодардағы №36 орта мектеп күзетшісі мектепке мас күйде келіп, 6-сынып оқушысының кеудесінен ұрған, оқушы соққыдан кейін аурухана түскен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Ақпан, 2025
Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 20 Ақпан, 2025
Ассамблея - бірлік пен келісім үлгісі
Ақтөбеде Ассамблеяның 30 жылдығына орай бірқатар шара өтті. Соның бірі «Бірлік пен келісімге 30 жыл» республикалық конференциясы, деп хабарлайды Egemen.kz.