Әлеу
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Қазақстанда 460 кәсіпорын 18,3 мың қызметкерге жалақысын бермеген
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 1,9 млрд. теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 08 Шілде, 2020
30 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауды онлайн тіркеді
II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде алғаш рет атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындауды ресімдеді. Мұндай мүмкіндік азаматтарға мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында берілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылуының барлық кезеңі ішінде АӘК алғаш рет тағайындау үшін азаматтар электрондық форматта өтініш бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады
Биыл елордада 8 мың әлеуметтік тұрғын үй салынады. Шілде айында кезекте тұрған 1200 қала тұрғыны баспана кілтін алады. Олар: тұрмысы төмен азаматтар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 02 Шілде, 2020
130 мыңнан астам жұмыс орны құрылды - министрлік
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 6 107 жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 130,6 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 30 Маусым, 2020
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 2,7 мыңнан астам оңалтудың техникалық құралдары берілді
Осы жылдың басынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталын іске қосты. Бүгінгі күні портал арқылы 2734 оңалтудың техникалық құралдары берілді. Шамамен 3000 тапсырыс жеткізілу сатысында, - деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметі.
Қоғам • 29 Маусым, 2020
Биыл Қазақстанда 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Маусым, 2020
Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істей береді
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
2020 жылы әлеуметтік төлем шығыстары 20%-ға артты
Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған республикалық бюджеттің шығыстары 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 21% - ға ұлғайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Әлеуметтік-еңбек саласындағы барлық қызметтер электрондық форматқа көшіріледі
2020 жылдың соңына дейін әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 100%-н электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі
Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимінде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Мониторингтік топ Ақмоладағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін алу орталықтарының жай-күйін, ондағы қамқоршыларға жасалған жағдаймен танысу әлі де жалғасуда. Арнайы мониторингтік топ Целиноград, Астрахан аудандарында орналасқан осындай мекемелердің жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz
Видео • 15 Маусым, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саладағы реформалары
Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде көптеген маңызды шешім қабылдады.
Аймақтар • 14 Маусым, 2020
Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды
Облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен кеңесте төтенше жағдай режимі мен карантин шаралары Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің игерілуіне қалай әсер еткені талқыланды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2020
Жұмысынан айырылған 35 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 35,5 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылдың мамыр айында 5,2 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі .