ас
Оқиға • 29 Тамыз, 2024
Елордада халықтың ақшасын жымқырған жиһаз жасаушы сотталды
Астана тұрғыны өзін жиһаз жасаушы ретінде таныстырып, жиырма адамның 8,4 миллион теңгесін жымқырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақтылық пен өркендеудің кепілі
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет дамуының құқықтық негізін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне кепілдік беретін іргелі құжат. Бұл құжат Қазақстанның құқықтық жүйесінің өзегі бола отырып, демократия, заң үстемдігі және әлеуметтік әділеттілік принциптерін қамтып, оны мемлекеттің табысты дамуының негізіне айналдырады.
Қоғам • 29 Тамыз, 2024
Елордада 1000 азық-түлік қорабы таратылды
Астанада қайырымды істер марафоны әлі де жалғасып жатыр. Игілікті іс-шара аясында Конституция күні мерекесі қарсаңында қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптары таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 29 Тамыз, 2024
Астанада жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін
Астанада қарбалас уақытта жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Тамыз, 2024
Есірткі контрабандасын ұйымдастырған күдікті Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 29 Тамыз, 2024
Атырауда емхана директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі 231 миллион теңге жымқырған
Атырауда емхананың директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкерге де сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 28 Тамыз, 2024
Астанада жұмыс іздеуге арналған платформа іске қосылды
Елордада жұмыс пен тапсырыстар іздеуге арналған JUMYSTAP.kz жаңа сервистік платформа іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 28 Тамыз, 2024
Биыл шаруалар 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинайды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жетісу облысының қант зауыттарының шикізатты қабылдауға және жаңа егінді өңдеуге дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Тамыз, 2024
Ермек Маржықпаев Олимпиадада лайықты нәтиже көрсетпеген федерацияларды атады
Бүгін Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Тамыз, 2024
Қазақстанда 26 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Мемлекеттік саясат әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттың маңызды элементтерінің бірі – жоғары өнімді және экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамыту. Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс • 27 Тамыз, 2024
Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312-бабы 2-бөлігі бойынша Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны үшін 5 компания құрылыс лицензияларынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Тамыз, 2024
Атом энергетикасы Қазақстанның тұрақты болашағы үшін қажет
Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі белсенді түрде талқыланып жатыр. Өкінішке қарай, пікірталас көбінесе атом энергетикасы туралы әртүрлі үрейлер мен мифтерге толы эмоционалды көзқарасқа алмасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2024
Отбасы банктің игілігі: Аягөз тұрғындары баспаналы болды
Отбасы банк ірі қалалармен қатар өңірлерге баса мән беріп, халыққа баспана алып берудің әртүрлі тетігін жүзеге асырып жатыр. Соның бірі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жастары» бағдарламасы. Жобаның ертеректегі аңыздың есімімен аталуында символикалық негіз бар. Себебі бұл бағдарлама қос ғашық – Қозы мен Баянның өткен жері Аягөз ауданында жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2024
Қазақстанда алғаш рет жол құрылысы саласында PhD докторлары даярланады
«Көлік құрылысы» бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурстың қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 27 Тамыз, 2024
«Шығын көп, нәтиже жоқ». Президент Қазақстанның спорт саласын сынға алды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы: Шетелдік спортшыларды ел атынан додаға қосуды доғару керек
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті. Жиында Президент спорт резервін әзірлеу ісінде Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері негізгі рөл атқаратынына назар аударып, олардың жұмысын жүйелеу жөнінде мәселе қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 27 Тамыз, 2024
Астанада Нұра ауданының әкімі ауысты
Бүгін Астана қаласы мәслихатының сессиясында депутаттар Ришат Тұрдыбековты Нұра ауданының жаңа әкімі қызметіне сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Тамыз, 2024
«Тізімде қайтыс болғандар да жүр»: Ақтөбеде тұрғын үй кезегі қызметіне талдау жасалды
Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй кезегін уақтылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жасап, көптеген кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2024
Атырауда «Отбасы банк» АҚ ашық есік күнін өткізді
«Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалы өңірде алғаш рет жергілікті тұрғындарға арналған ашық есік күнін өткізді. Мұндағы басты мақсат – «Наурыз» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген заем алуға банктен мақұлдау алған тұрғындарға үй таңдау бойынша және төлем қабілеттігін растау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 27 Тамыз, 2024
Қазір атом электр стансасына балама жоқ - министр
Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ел экономикасының тұрақты өсуі электр энергиясына сұраныстың артуымен қатар жүретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Тамыз, 2024
Елордадағы Қараөткел көпірі ішінара жабылады
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Қалқаман көшесінен «Қараөткел» көпіріне дейінгі жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Тамыз, 2024
Елордада қоғамдық көліктерге виртуалды тарифтер енгізіледі
Астанада қоғамдық көлікте мектеп оқушылары мен жеңілдігі бар азаматтарға арналған виртуалды тарифтер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға • 26 Тамыз, 2024
Астанада кинотеатрда төбелескендер сотталды
Астанада қаладағы кинотеатрлардың бірінде төбелес шығарған екі азамат сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Тамыз, 2024
Елімізде 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Еліміздің барлық өңірінде егін жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Тамыз, 2024
«Ордабасы» командасына жаңа бас бапкер келді
Кирилл Кекер шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Тамыз, 2024
Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары қызметіне Болат Күреңбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2024
Алматы облысында Есік қаласының шекарасы кеңейеді
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі дайындалды, деп хабарлады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Тамыз, 2024
Каспийге батып кеткен жігіттің денесі табылды
25 тамыз күні сағат 17: 40 шамасында Каспий теңізінің «Солдат» жағажайы аумағында 18 жастағы жігіт суға батып кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2024
Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Тамыз, 2024
Алаяқтық жасаған банк қызметкері Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматшасын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.