е
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
2,4 млн-ға жуық қазақстандық әлеуметтік төлем алды
3 қыркүйек сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 607 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2020
Қызылорда облысында 6 ескерткішке археологиялық зерттеу жүргізілуде
Биыл алғаш рет Сырдария ауданындағы ортағасырлық Асанас қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Археологтар қалашықтың қақпасын, қорғаныс қабырғалары мен мұнараларын, тұрғын үй орындарын ашуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
Әскери қызметші Қарағандыдан Жаңаарқаға екі күнде жүгіріп жетпек
Әскери полицияның әскери қызметшісі – аға лейтенант Заңғар Әлкенов Қазақстанда алғаш рет «Қарағанды – Жаңаарқа» бағыты бойынша ультрамарафонды жүзеге асырады. Ол 48 сағатта 200 шақырымды бағындыруды жоспарлап отыр, -деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2020
Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы биыл өткізілмейді
Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы коронавирус індетіне байланысты өткізілмейді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2020
Елімізде пневмониямен 571 адам ауырып, 6 адам көз жұмды
2020 3 қыркүйектегі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020
Павлодар стадионындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
Мониторингтік топ мүшелері Павлодар қаласындағы бас спорт аренасындағы жұмыстарға оң бағасын берді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда тағы 596 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Елімізде өткен тәулікте 596 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Қыркүйек, 2020
Павлодарлық мектептерде алғашқы сабақтар қалай өтіп жатыр?
Павлодар қаласының №29 мектебінде 67 кезекші сынып ашылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Азаматтарға шағын несие беру арқылы кәсіпкерлерді қолдауымыз керек - Гүлшара Әбдіқалықова
Бүгін Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен халықты жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскери қызметші қайтыс болды
Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2020
Алик Шпекбаев: Шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізіледі
Шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 02 Қыркүйек, 2020
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық сатылымнан 15 – 20 пайызға төмен болады. Бұл туралы Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2020
UWW желтоқсан айында президент сайлауын өткізеді
Желтоқсан айында Біріккен күрес әлемінің (United World Wrestling, UWW) президент сайлауы өтеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Түркістандық азаматша мемлекеттік қолдаудың арқасында тігін цехын ашты
Түркістандық кәсіпкер Роза Алдашова мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 2016 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 пайызбен 32 705 225 теңге несие алып, сол қаржыға тігін цехын іске қосқан. Қазіргі таңда онда 20-22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2020
Энергетика министрлігі мұнай-газ секторын экспорттауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізуде
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Энергетика саласындағы қазіргі және орта мерзімді жоспарлар туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда биыл іске қосылатын жаңа нысандарды аралады
Биыл жыл соңына дейін Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылады. Аймақ басшысы аралап көрген Конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, стадионның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жиһаздары қойылып, абаттандыру және газонды толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Ақтөбеде “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті
12-30 тамыз аралығында тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1600-ден астам ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020
Денсаулық сақтау министрлігі жолдауда жарияланған тапсырмаларды орындауға кірісті
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы тапсырмалар бойынша баяндама жасады. Премьер-Министр Асқар Маминге осы жылы және алдағы уақытта атқарылатын жоспарларын жеткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz .
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020
Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқанына 5 жыл
Айдын Айымбетов 5 жыл бұрын, 2015 жылғы 2-ші қыркүйекте ғарышқа ұшып, үшінші қазақ ғарышкері атанды.
Елорда • 02 Қыркүйек, 2020
Елорда әкімі аулаларды абаттандыру барысы туралы айтты
Қазір келесі жылы абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тізімі дайындалуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 02 Қыркүйек, 2020
Н.Нығматулин: Мәжіліс Президенттің Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге кірісті
Мәжіліс Мемлекет Басшысының Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге кірісті. Бұл туралы жалпы отырыста Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда бизнес-ахуалды одан әрі жақсартудың шаралар кешені қабылданады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020
Алматыда қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылуда
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылып жатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 02 Қыркүйек, 2020
Мәжілісте министрлер лауазымына кандидаттарды келісудің жаңа форматы енгізілді
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Бағдат Мусинді тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 02 Қыркүйек, 2020
Елордада күзгі әскери мерзімді қызметке шақыру басталды
Әскерге шақыру кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарға ерекше назар аударылуда. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда салық пен төлемдер саны азаяды
Қазақстанда салық пен төлемдер саны азаяды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Екібастұзда жанып жатқан пәтерден ес-түссіз жатқан үш адам табылды
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте 20 сағат 23 минутта № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне Ломоносов көшесі, 15 мекенжайы бойынша пәтердің жануы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу кезекші қарауылы жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 02 Қыркүйек, 2020
Мәжіліс үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
ҚР Парламенті Мәжілісі Айзада Құрманованың, Нұрлан Дулатбеков және Нұрлан Әбдіровтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2020
Жыл соңына дейін халық саны 250-ден асатын ауылдар интернетпен қамтамасыз етіледі
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы – бірінші вице-министр Бағдат Мусин Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша цифрландыру бөлігінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет • 02 Қыркүйек, 2020
Президент Жолдауын толық әрі уақытылы іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар - А. Мамин
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.