ыс
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Адам жоғалу дерегі қай қалада көп тіркелетіні анықталды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz ведомствоның мәліметіне сүйеніп.
Президент • 24 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 24 Қаңтар, 2024
Бас редакторлар «Тіл - қазына» орталығының жобаларымен танысты
Бүгін республикалық Бас редакторлар клубы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына арнайы келіп, ұйым жұмысымен танысты. Бас редакторлар клубының президенті, Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай бастаған клуб мүшелері ғылыми-әдістемелік және мемлекеттік тілді цифрландыру бағытындағы ІТ өнімдер туралы ақпарат алды.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 400 млн теңге ұрланды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Жол апаты қайғылы қазаға ұрындырды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Peugeot және Toyota Camry автомобильдері бетпе-бет соқтығысып, екі адам бірден қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Қыста көлікті қанша уақыт қыздыру қажет?
Қыс көлік жүргізушілері үшін оңай еңсеретін кезең емес. Мезгілдегі ауа райы ерекшеліктері оларды біраз сарсаңға салып жүргені белгілі. Осы уақытта көлік күтіміне қатысты сұрақ көп. Автокөлік тізгіндегендердің пікірін қақ бөлетін жайттың бірі - қыста көлікті қыздыру-қыздырмау мәселесі. Алғашқы топ көлікті міндетті түрде қыздыруды қажет деп тапса, келесі топ бұл процеске кеткен минуттарды бос уақыт өткізуге теңейді. Ал көлік эксперттері екі қағиданың алтын аралығын ұстанған жөн деген пікірді алға тартады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қаңтар, 2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары деңгейде атап өту маңызды – Президент
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы былтыр жаңа мәртебе берілген Ұлттық Ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізуге ерекше мән беруге тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қаңтар, 2024
Башқұртстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға өңіраралық ықпалдастық елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Белгілі боксшыға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды
Бас прокуратура белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істі тергеу өндірісі қайта басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Қазақстан Қорғаныс министрі армениялық әріптесімен кездесті
Астанаға Армения Қорғаныс министрі Сурен Папикян бастаған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден Мысырдың Каир қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Биыл Астанада қандай жарыстар өтетіні белгілі болды
2024 жылы Астанада бірнеше ауқымды халықаралық спорттық іс-шара өтеді. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Еркеғали Корбозов спортшылар дайындықты бастап кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Қазақстанда қанша адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды?
Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты елімізде қандай шаралар қабылданып жатқанын БҰҰ-ның еліміздегі әйелдер өкілдігінің басшысы Дина Амришева айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Уақтылы ақпарат алмаған адамдар дүрбелеңге жол берді - Әлихан Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Алматыдағы жер сілкінісі: Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті
Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қаңтар, 2024
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес Алматы қаласына барады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша өшіріледі
Жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін ел аумағында телеарна мен радиолар қызметін уақытша тоқтатады, деп жазады Egemen.kz «Қазтелерадио» АҚ мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері күш біріктірмек
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс кездесуін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қазақстанда робот сот орындаушысы жұмыс істей бастады
ҚР Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Бір уыс топырақ»: Жеңіске үш ай қалғанда қаза тапқан жауынгер
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті тарапынан екінші дүниежүзілік соғысының жауынгері Қалхай Сармантаевтың «Ерлігі үшін» медалі, қасығы, ұштағышы және жерленген зиратынан бір уыс топырақ оның немерелері Бірлік пен Серік Қалқаевқа берілді. Аталған облыс тумасы 1943 жылы майданға аттанып, 2-ші Балтық майданы 288-ші Днов атқыштар дивизиясының 1014-ші атқыштар полкінде атқыш болған, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2024
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қызметіне адал полиция өкілдері ескерусіз қалмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында полиция қызметкерлерінің ерлік істері ескерусіз қалмайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қаңтар, 2024
Былтыр балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан
Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Президент балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан. Мемлекет басшысының пікірінше, осы бағытта алдын алу жұмыстарын күшейту қажет, полиция мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқаруға тиіс. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 22 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Тонауды кәсіпке айналдырған топ ұсталды
Абай облысында үйлерді тонаумен айналысқан аса қауіпті ұрылар тобы ұсталды. Полиция Абай облысының Аягөз қаласында арнайы операция жүргізіп «сериялық» қылмысқа қатысы бар ұрылар тобын қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Автожолдардан 4 учаске жабық тұр
Бүгінгі сағат 12.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райы қолайсыздығына байланысты 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктердің барлық түрлері бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» телеграм парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2024
9 қаңтардан бері хабарсыз кеткен адам табылмай жатыр
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 39 жастағы ер адам 9 қаңтарда із-түзсіз жоғалған. Содан бері іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024
Павлодар облысында ауыл атауы өзгерді
Павлодар облысында Скриптонит лақап атымен танымал реп орындаушысы Әділ Жәлелов дүниеге келген Ленинский ауылының атауы өзгертілді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтарда өзгерту туралы қаулы күшіне енген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2024
Ел тұрғындарын тағы да - 30 градус аяз күтіп тұр
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтар аралығында Қазақстан территориясында аязды ауа райы болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2024
Тепловоз бен автокөлік соқтығысты. Екі адам жан тапсырды
Қарағандыда қаңтардың 21-і күні таңертеңгі уақытта автокөлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасына себепкер болған, деп хабарлайды Egemen.kz.