Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Белгілі боксшыға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істі тергеу өндірісі қайта басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі боксшыға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Фото: Instagram|beibutshumenov

Бұған дейін боксшының Астанадағы сауда орындарының бірінде қолында баласы бар ер адамға жұдырық жұмсағаны белгілі болған еді.

Полиция 2023 жылдың 12 шілдесінде Астана ПД Есіл ауданының полиция бөлімі Бейбіт Шүменовке қатысты бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеуді бастағанын хабарлаған. Алайда мемлекетаралық іздеу өткен жылдың 28 тамыз күні тоқтатылған еді.

Бас прокуратура: «Өткен жылдың 29 желтоқсанында іс бойынша өндіріс қайта басталып, тергеу жүріп жатыр»,  деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Шүменовке іздеу жарияланғаны туралы хабарландыру 2023 жылы 22 шілдеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.