Ер
Білім • 22 Мамыр, 2024
ҰБТ-ға тіркелу мерзімі ұзартылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ға тіркеу мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 22 Мамыр, 2024
Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағандар жазаланады
Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 22 Мамыр, 2024
Астанадан Прагаға қатынайтын әуе рейстері қайта жанданды
Scat әуекомпаниясы Астанадан Прагаға рейстерді қайта бастады. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 22 Мамыр, 2024
Әскери медицина цифрландырылады
Бірер күн бұрын әскери госпитальдар мен лазареттерге «ДАМУ» медициналық ақпараттық жүйесіне тегін қол жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру жолындағы қадамдардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисимен қоштасу рәсіміне қатысады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисиді соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 21 Мамыр, 2024
Күләш Байсейітова есімін Астанадағы университетке беру туралы шешім қабылданды
Мемлекет басшысы еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе берілетінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 21 Мамыр, 2024
Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев жаңа қызметке тағайындалды
Сырымбет Ерденұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2024
Қойшығара Салғараұлының «Адамзат өткен ұзақ жол» атты кітабы жарық көрді
21 мамыр күні көрнекті қоғам қайраткері, түркітанушы, профессор Қойшығара Салғараұлының 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы, ең алдымен, іс-шараға жиналғандарды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 21 Мамыр, 2024
Тасқын зардабы: Махамбет ауданында егіншілер шығыны толық өтеледі
Атырау облысына қарасты Махамбет ауданында 66 егін алқабы және 27 мал шаруашылығы қожалығы зардап шеккен. Айта кетерлігі, бірде бір мал шығыны болмаған, өйткені, қауіпті аумақтар қожалықтарындағы мал басы толықтай алдын ала бекітілген қауіпсіз жерлерге көшірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 21 Мамыр, 2024
Сарапшылар клубының отырысы өтті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата жанындағы Сарапшылар клубы отырысында елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түрікменстандағы өкілі Андрей Михнев және белгілі экономист Азамат Ағайдаров қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 21 Мамыр, 2024
Қарағанды облысында кәсіпкерлер үшін электр қуатының тарифі арзандады
Шахтинск қаласы, Абай мен Бұқар-Жырау аудандарында қызмет көрсететін «Расчетный сервисный центр» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 45,85 теңгеден 41,26 теңгеге дейін яғни 10%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
«Автомектептер»: Емтихан қабылдау бойынша түзетулер енгізілді
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2024
Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес басталды
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 20 Мамыр, 2024
Сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйінде жүр: ҚАЖД себебін түсіндірді
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті сотталушы Мейіржан Төребаевтың неге үйіне шығарылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Бірнеше жолда Zerek-2 камералары қосылды
20-дан астам жаңа камера жылдамдық асырған жүргізушілер туралы ақпараттарды жібере бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аlmaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Мамыр, 2024
Сотталғандардың түрмедегі бейнебақылау камераларын сындыруы жиілеген - ІІМ
Бүгін, 20 мамыр күні Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов қылмыстық-атқару жүйесі бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 20 Мамыр, 2024
Түркі әлемі математиктерінің форумы өтті
Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті базасында таяуда Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) басқарма мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Оған көрнекті ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов төрағалық етті және алғашқы пленарлық баяндаманы жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2024
Зерендіде мектеп оқушыларына тамақ қалдықтарын беріп келген
Зеренді ауылындағы мектеп оқушыларына тамақ қалдықтары ұсынылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Қазақстанда әскерилер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтеді
Танзания астанасы Дар-эс-Саламда CISM халықаралық әскери спорт кеңесінің 79-шы Бас ассамблеясы мен конгресі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 20 Мамыр, 2024
Қазақстанда 1 шілдеден бастап интернет тарифтері қымбаттайды
«Қазақтелеком» АҚ 1 шілдеден бастап интернет желісінің кейбір тарифтік жоспарлары бойынша баға көтерілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2024
Сенат Спикері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат танытып, алапат су тасқыны кезінде бауырлас Түркия елінің гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Түркия Қазақстанның аса маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі елдің Мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі қарым-қатынасының ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды рөлі аталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Ерекше күтімді қажет етушілер эвакуацияланады
Махамбет ауданы, Сарайшық ауылындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет етуші тұрғындар тасқын қаупі жағдайында Атырау қаласына көшіріледі. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 20 Мамыр, 2024
Қытайдың Сыртқы істер министрі Қазақстанға келді
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Алматы • 20 Мамыр, 2024
«Дабыл қағылады»: Төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу жолдады
21 мамырда сағат 10:00-де Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 20 мамырда Алматы уақытымен 10:10-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Мамыр, 2024
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді
Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Әйтсе де, Индер ауданындағы аталған қауіпті аумақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.